АЭС — халық игілігі үшін

38

Талдықорған қаласындағы №9 Мағжан Жұмабаев атындағы мектеп гимназиясында  орналасқан №404  референдум учаскесінде алғашқылардың бірі болып таңдау жасаған қаламыздың ақсақалы Нәфиық Қожабеков пен жары Тыныштық Қожабековаға референдум учаскесінің төрайымы Қарлығаш Замзина  арнайы сыйлықтар табыстады.

Ақсақалдар «Қазақстанның келешегі үшін АЭС салу халықтың игілігіне жұмыс істесін,жастарымыздың болашағы зор,ел іргесі аман болсын,халқымыз өркениетті,дамыған елде өмір сүрсін!»,-деген тілектерін жеткізді.–Бүгінгі жалпыхалықтық референдум 404 референдум учаскесінде таңғы сағат 7-де басталды. Еліміздің Әнұраны шырқалып,алғаш дауыс берген Қажытай Исмағұлов ақсақал батасын арнады.Әжелер ұйымының мүшелері шашуларын шашып, тілектерін айтты.Азаматтардың белсенділігі  өте жақсы. Бір сағаттың ішінде 83 адам дауыс берді,-деді Қарлығаш Замзина.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз