Талдықорған қаласындағы №395 референдум учаскесіне 2263 адам тіркелген, дауыс берушілер белсенді қатысуда. Ләззат Асылбекова,Талдықорған қаласының тұрғыны, дауыс беруші: -Мен осы учаскеге тіркелгенмін. Ақпарат көздерінен, теледидардан АЭС туралы естіп, білдім. Қарсы емеспін, қолдаймын. Қазақстанның болашағы үшін өте керек нысан деп есептеймін. Жетік дамыған елдерде бар екен. Дегенмен де салу барысында, кейін іске қосылған кезеңде де қауіпсіздік жағынан өте жоғары талап қойылса деймін.