Біздің салықтарымыз қайда кетеді?

62
Screenshot

 

Жетісу облысы-Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысында орналасқан, 2022 жылдың 8 маусымында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырындағы № 887 Жарлығымен құрылған. Әкімшілік орталығы – Талдықорған қаласы. Облыс аумағы 118 мың шаршы шақырым.
Жетісу облысының құрамына 8 аудан және 2 қала кіреді. Облыс бойынша халық саны 698,0 мың адам, оның ішінде ауылдық жерлерде 386,8 мың адам тұрады.
Мемлекеттік кірістер органдардың қызметі- мемлекеттің маңызды құрылымдық бөлімшесі болып табылады, соның арқасында мемлекеттік бюджет толықтырылады, 2024 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша Департаментпен мемлекеттік бюджетке 15,8 млрд.теңге өсіммен қамтамасыз етілді (2023ж. 9 айда-216,3 млрд.теңге, 2024ж. 9 айда-232,1 млрд.теңге). Ал жергілікті бюджетке өсім 31,8 млрд теңге немесе 56,7% қамтамасыз етіліп, жоспардан тыс 9,3 млрд.теңге түсті (жоспар 78,7 млрд.теңге, түсім 87,9 млрд.теңге).
Салықтық және кедендік әкімшілендіру нәтижелері бойынша 12 281,6 млн.теңге қосымша резервтер, оның ішінде кедендік бағыты бойынша 8 364,3 млн.теңге және салықтық әкімшілендіруден 3 917,3 млн.теңге қамтамасыз етілді.
Мемлекет, жиналған салықты келесі бағыттар бойынша пайдалануды жоспарлап отыр: әлеуметтік төлемдерді көбейту, отбасын қолдауға, әлеуметтік инфрақұрылымға және т.б.
Мәселен, Жетісу өңірінің бекітілген жобасы бойынша 2024 жылы әлеуметтік саланы дамытуға 259 млрд теңгеден астам, оның ішінде білім беруге – 179,3 млрд теңге, денсаулық сақтауға – 12,3 млрд теңге, әлеуметтік салаға – 30,8 млрд теңге, мәдениетті, спортты, қоғамды дамытуға 37 млрд. теңге жұмсалатын болады.
Әлеуметтік көмек көрсету және әлеуметтік қамсыздандыруға 18,5 млрд теңге, оның ішінде еңбек нарығын дамытуға 9,2 млрд теңге, мүгедектерді әлеуметтік қолдауға 3,1 млрд теңге бөлу жоспарлануда.
Абаттандыруға, көгалдандыру, газдандыруға, сумен жабдықтауға және канализацияға 7,5 млрд теңгеден астам, ауыл шаруашылығын дамытуға 34,3 млрд теңге, жолдарды жөндеу және дамытуға 42 млрд теңге бөлінді.
Алдағы уақытта департамент қызметкерлері мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, сыртқы экономикалық саясатты дамытуға, еліміздің транзиттік мүмкіндіктерін жақсартуға және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге барлық күштерін бағыттауға ниетті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз