-11.4 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 23 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 407

Елдің тірегі –жалынды жастар

Республика күні 2022 жылдан  бастап "Ұлттық мереке" мәртебесімен еліміздің  басты мейрамы ретінде аталып өтуде. Бұл күн – бүкіл халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайта түсетін, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты арттыруға елеулі үлес қосатын күн болып анықталуда. Саяси бағыт-бағдар, үдемелі үдерісі бар Қазақстанда жастарға  білім алу, техникалық өндірістерге  шығармашылық таныту, кәсіпкерлікке бағдарлану үшін түрлі мүмкіндіктер қарастырылуда. «Дипломмен  ауылға» мемлекеттік бағдарламасы мемлекеттің жас...

Ең маңызды күндердің бірі

Барша қазақстандықтарды айтулы мереке Республика күнімен құттықтаймын! 25 қазан- еліміздің тамыры терең тарихындағы ең маңызды күндердің бірі, себебі, бұл күні 1990 жылы еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы күннен бастап еліміз жаңа өзгерістерге бет бұрып, ширек ғасырдан астам уақытта талай биік белестерді бағындырды! Қазақстанның бағдарлы болашағының тірегі жастар болса, оларды тәрбиелеп, білім нәрімен сусындату ұстаздар мен ата-ананың қолында. Сондықтан осы...

Еліміздің тұғыры биік болсын!

Құрметті, жетісулықтар! Сіздерді ұлттық мереке Республика күнімен құттықтаймын. Ұзақ жылдардан кейін қайта жаңғырған мереке егемендігіміздің нышаны болмақ. Еліміздің тәуелсіздігін мәңгілік ету үшін бала тәрбиесі мен білімі аса маңызды. Осы істе қоғамға орасан зор еңбек сіңіріп жатқан Назарбаев Зияткерлік мектептерінің орны бөлек. Әр оқушының білімге деген құштарлығын арттыра отырып, дұрыс құндылықтарды бойына сіңіруіне ықпал етуде. Еліміздің ертеңі білімді жастардың қолында. Құрметті,...

Оқушылардың каникул уақыты жарияланды

Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2023–2024 оқу жылындағы тоқсандардың ұзақтығы мен каникул уақытын бекітті. Бұл туралы ведомство Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады. Ведомство мәліметінше, 2023-2024 оқу жылы орта білім беру ұйымдарында 1 қыркүйекте басталды. Биыл оқу жылы 25 мамырда аяқталады. "Бірінші тоқсанда оқу уақыты 8 апта, күзгі каникул 30 қазаннан 5 қарашаны қоса алғанда 7 күнге созылады. Екінші тоқсанда 8 оқу...

Мемлекет басшысы Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтады

– Азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлерін Құтқарушы күнімен құттықтаймын! Сіздердің жұмыстарыңыз қауіп-қатерге толы әрі зор жауапкершілікті талап етеді. Мемлекет пен қоғам сіздердің антқа адалдықтарыңызды, қажырлы еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Баршаңызға бақ-береке тілеймін! – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасына. t.me/aqorda_resmi

Халықтың жүрегінен орын алған мереке

Елімізде Республика күні ұлттық мереке ретінде тойланады. Бұл Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың бастамасымен өткен жылы қолға алынған болатын. 1990 жылдың 25 қазанында сол кезеңдегі ҚазССР-дің жоғары кеңесінің қаулысымен  мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды. Бұл Декларацияның құндылығы - тәуелсіздік қарсаңында қабылданған тарихи құжат. Бұл құжаттың негізінде қазақтың тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізі бекітілді. Құжатта алғаш рет ел аумағының тұтастығы, оған құл...

Ұлттық мерекенің мәні зор

25 қазанда  Республика күні аталып өтпекші. Тәуелсіздігіміздің бастамасы болған құжат қабылданған күн біздің тарихымызда ойып тұрып орын алады. Президенттің айтуынша, Республика күні еліміздің мемлекеттілікке батыл қадам жасауының символына айналуы тиіс. «Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мәні сақталады. Бұл күн басты ұлттық мереке болып қала береді. Десек те, бұл күнді тәуелсіздікке сүбелі үлес қосқан халық қаһармандарын еске алу күні ретінде атап өту...

Балалар саудасына қарсы іс-қимыл

Өңірлік ақпараттық алаңында «Жетісу облысындағы балалар саудасына қарсы іс-қимыл шаралары» тақырыбында баспасөз мәслихат өтті.  Бұл жолы жиынға  «Талдықорған өңірлік әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ президенті Жанар Нұрмұханова және Жетісу облысы полиция департаментінің жедел уәкілі, полиция капитаны Қуаныш Тұрсынжан келіп, өз жұмыстары турасында баяндады. Жанар Болатқызы: «Біздің ұйымның негізгі қызметі адам саудасының құрбандары мен осал мигранттардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларға психологиялық...

Талдықорғанда «Жастар -2» шағын ауданы табиғи газға қосылды

Бүгінде Талдықорған тұрғындарын табиғи газбен қамту ісі  кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Нақтырақ айтсақ,  осыдан бірнеше жыл бұрын төрт кезең бойынша  қолға алынған  құбыр тарту жұмыстары әлі де жалғасуда. Жақында ғана аталып өтілген Талдықорғанның Қала күні қарсаңында облыс орталығына қарасты Үйтас саяжайының тұрғындарына табиғи газ беріле бастаса, енді міне ұлтымыздың ұлы мерекесі Республика күнінің құрметіне Өтенай ауылдық округіне қарасты «Жастар...