Талдықорған қаласының тұрғындары белсенділік танытуда

5

Таңмен таласа №389 дауыс беру учаскесіне қала тұрғыны Көгебай Базарбаев келіп, өз таңдауын жасады.
Энергетика саласында саналы ғұмырын сарп еткен зейнеткер:
– Мен өз таңдауымды жасадым. Жұртшылықты Қазақстанның жарқын болашағы үшін дауыс беруге шақырамын, – дейді.
Дауыс беру учаскесіне келіп жатқан жұрттың қарасы қалың. Бұл учаскеде 2464 қала тұрғыны дауыс береді. Учаскеге келіп ең бірінші Қызайгүл Ермекбаева есімді ақжаулықты әжей дауыс беріп, тағдыршешті сәтте халық қарап қалмаса екен деген тілегін жеткізді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз