Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин АЭС салуға қатысы референдумда елордадағы №164 дауыс беру учаскесінде өз таңдауын жасады.
«Кез келген референдумға маңызды мәселе шығарылады. Бүгінгі референдумдағы АЭС салу мәселесі де өте маңызды. Қабылданған шешімге байланысты еліміздің экономикалық даму бағыты айқындалады. Референдумға шығарылып отырған мәселеден бөлек, референдумды өткізудің өзі де маңызды. Біз ТМД және Орталық Азия елдері бойынша референдум өткізіп жатқан бірден-бір елміз. Мұның өзі көп нәрсені аңғартады, яғни мемлекет пен қоғам арасында жаңа саяси мәдениеттің қалыптасуына ықпалы бар», — деді Ерлан Қарин дауыс берген соң БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере тұрып.