Журналист Әміре Әрін дауыс берді

52

Талдықорған қаласының, Қаратал және Көксу аудандарының Құрметті азаматы Әміре Әрін референдумда Талдықорған қаласының 397-ші сайлау учаскесіне барып дауыс берді.

“Мұндай ресми шара ел болашағы үшін аса маңызды. Халықпен санасып, халық үніне құлақ асып, жүйелі жұмыс жүргізіп жатқан ел азаматтарына алғыс айтып, әр істеріне береке тілеймін. Ең бастысы заман тыныш болсын. Біз көрген қиындық пен ауыртпалықты тәуелсіз елімнің жас ұрпағы көрмесін. Жас та, жасамыс та осы қасиетті жеріміздің, азат еліміздің гүлденуіне, көркеюіне атсалысайық”, — деді ол.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз