14.3 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 11 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 393

Шекарашылар қоян-қолтық жарыстан жеңіске жетті

ҚР Қорғаныс министрлігіне қарасты 40398 әскери бөлімінде Үшарал гарнизоны  бастығының  кубогіне арналған әскери қоян-қолтықтан жарыс өтті. Аталған жарыста ҚР ҰҚК Шекара қызметі  Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының әскери қызметшілері де бақ сынады. Түрлі салмақтағы белдесудің қорытындысында ефрейтор Ә.Ахметбеков, қатардағы жауынгер Б.Ысқақов майор С.Алмас, ефрейтор E.Жабайханов, кіші сержант Е.Тұңғатаров, кіші сержант Ұ.Әлекеев, кіші сержант Е.Баянбаев, сержант Е.Борашевтер жүлделі орындардан...

Теріс әрекеттің алдын алуға арналды

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті  Алакөл ауданы бойынша   шекара басқармасының бөлімшелерінде әскери тәртіпті бұзудың алдын алуға  арналған шара ұйымдастырылды. ҚР ҰҚК екінші әскери полиция бөлімінің анықтаушысы майор Айдос Нүспеков, Панфилов аудандық  полиция бөлімінің учаскелік полициясы капитан Еркебұлан Бошинтаев, тәрбие бөлімінің аға офицері майор Нұрлыбек Жасұлан «Іле», «Қарақұм», «Ынталы», «Қорғас», «Басқұншы», «Алмалысу» шекара бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті. Тәрбие сағаты...

Қаржылық сауаттылықтан дәріс оқылды

«AMANAT» партиясының ұйымдастыруымен «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамымен қаржылық сауаттылық курсы ұйымдастырылды. Шекара сақшыларына қаржы сарапшысы Сая Сағынғалиева бес күн бойы жеке және отбасылық бюджетті құрастыру, тауарлық несие мен қызметтерді алу мүмкіндігі, несие мен қарыздың тұзағына түспеу  жолдарын талдай білу туралы ақпарт жеткізді. Несие нарығын талдап, дұрыс және тиімді шешім қабылдау үшін несиелеу...

Қаржылық еркіндікке апаратын үш жол: жеке тұлғалар үшін банкроттық рәсімін таңдау

Халықтың шамадан тыс несиеленуі мәселесін шешу құралдарының бірі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы болып табылады. Заңда, қарыз түрі және қарыз сомасына байланысты 3 рәсім қарастырылған. Олардың ішіндегі ең сұранысы көп - соттан тыс банкроттық рәсімі, оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады. Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында...

Жетісудың шекаралық Панфилов ауданында 1200 орынды алғашқы жайлы мектеп пайдалануға берілді

Бүгін Жетісу облысының Панфилов ауданы Жаркент қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған 1200 орынды жаңа мектеп пайдалануға берілді. Мектептің ашылу салтанатына Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, ардагер ұстаздар, мектеп ұжымы, ата-аналар мен оқушылар, аудан жұртшылығы қатысты. - Бұл – Президент тапсырмасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған облысымыздағы алғашқы білім ошағы. Панфилов ауданы – облыстағы оқушы саны көп аудандардың...

Құландар елі: Жетісуда экологиялық туризмді дамытуға арналған ауқымды фестиваль өтті

Жетісу облысында Қызыл кітапқа кірген құландарға арналған бірегей фестиваль екінші жыл қатарынан өтуде. Жануарлар популяциясының көп бөлігі осы аймаққа тиесілі, яғни 3600-дей құлан Кербұлақ ауданының «Алтынемел» ұлттық табиғи паркінің аумағын мекен етеді. Туристер жыл сайын осы әсем жаратылысты көруге мұнда арнайы келеді. Жыл басынан бері саябаққа 24 мың адам табан тіреген, соның 7 мыңы – Үндістан, Қытай, Корея, Франция,...

«Мемлекеттік тіл — тәуелсіздік символы» атты республикалық байқау Талдықорғанда өтті

Үстіміздегі  жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Жетісу облысы әкімдігінің атсалысуымен Талдықорған қаласында Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналған «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауын өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша,  бұл республикалық байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыруға бағытталды. Іс-шараға...