Қаржылық еркіндікке апаратын үш жол: жеке тұлғалар үшін банкроттық рәсімін таңдау

83

Халықтың шамадан тыс несиеленуі мәселесін шешу құралдарының бірі «Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы» Заңы болып табылады.
Заңда, қарыз түрі және қарыз сомасына байланысты 3 рәсім қарастырылған.
Олардың ішіндегі ең сұранысы көп — соттан тыс банкроттық рәсімі, оны тек банктер, микроқаржы ұйымдары және коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыздар бойынша қолдануға болады.
Азаматтар бұл рәсімге өтініштерді халыққа қызмет көрсету орталықтарында электронды үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ eGov мобильді қосымшасы арқылы бере алады.
Осы мақсатта «Қолдау» жеке тұлғалардың банкроттығы туралы жаңа ақпараттық жүйе іске қосылды.
Жүйе 24 мемлекеттік орган мен ұйымның деректер базасы арқылы өтініш беру және өтініш берушінің кіру критерийлеріне сәйкестігін автоматты түрде тексеру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Өтініш беруші өтініштің статусы мен уәкілетті органның шешімін осы жүйеде көре алатындығына назар аударғым келеді. Сондай-ақ бас тарту себебін және ол бойынша тиісті органдар ұсынған ақпаратты көреді. Бұл болашақта оның деректерді түзету үшін, сол немесе басқа органға хабарласу үшін өте ыңғайлы.
Сонымен қатар, Qoldau жүйесінде кез келген адам нақты уақыт режимінде жеке тұлғалардың банкроттығы туралы статистикалық деректерді көре алады.
Екінші рәсім: сот банкроттығы, азаматтар 1600 АЕК – тен астам және кредиторлар алдындағы борыштардың барлық түрлері бойынша қолдана алады.
Алайда, алимент және басқа адамның өмірі мен денсаулығына келтірілген залал, қылмыстық құқық бұзушылықтар бойынша залал, сондай-ақ сот шешімі бойынша өндіріп алынатын бюджетке төленетін төлемдер есептен шығаруға болмайды.
Үшінші рәсім, бұл сотта қарыздарды бөліп төлеу (5 жылға дейін) мүмкіндігін көздейтін төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі. Қалпына келтіру жоспары қаржы басқарушысымен бірлесіп әзірленеді және сотта бекітіледі.
Бұл процедураның артықшылығы — одан кейін адам «банкрот» мәртебесін алмайды, сондықтан оған банкрот үшін көзделген салдарлар қолданылмайды.
Заңда көзделген рәсімдерді қолданылған күннен бастап:
— қарыздар бойынша өсімпұлдарды және сыйақыларды есептеу тоқтатылады;
— кредиторларға борышкерден міндеттемелерді орындауды талап етуге тыйым салынады;
— кредиторларға борышкердің банктік шоттарынан ақша өндіріп алуға тыйым салынады және басқа да салдарлар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз