«Мемлекеттік тіл — тәуелсіздік символы» атты республикалық байқау Талдықорғанда өтті

128

Үстіміздегі  жылғы 23 қазанда Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті Жетісу облысы әкімдігінің атсалысуымен Талдықорған қаласында Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына арналған «Мемлекеттік тіл – Тәуелсіздік символы» атты республикалық байқауын өткізді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша,  бұл республикалық байқау мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдық белсенді азаматтарды ынталандыруға бағытталды.

Іс-шараға еліміздің 16 өңірінен келген білім беру саласының мамандары болып табылатын  қазақ тілін жетік меңгерген этнос өкілдері қатысты.

Төрт кезеңнен тұратын байқау барысында қатысушылар қазақ тілінде өздерін таныстырып, қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровтің мерейтойының тақырыбын ашып, қойылған сұрақтарға мазмұнды жауап берді және де  қазақ тілінде мақал-мәтел сайысында бір-біріне дес бермеді.

Қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырларынан, филолог ғалымдардан құралған қазылар алқасы қатысушылардың дайындықтары мен қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалады.

Бас жүлдеге Қарағанды облыстық Ішкі істер басқармасы «Мәмле» қазақ тілінде тілдесу клубының мұғалімі Горизанов Владислав Владимирович лайық деп табылды. Ал

І орынды Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы  Шоқан Уәлиханов атындағы №10 орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейтбекова Наурызгүл Азизбекқызы иеленді.

 Жүлделі ІІ орын Алматы облысы Қарасай ауданы Ә. Байсалбаев атындағы орта мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі  Камран Бурсаловқа берілді.  ІІІ орындар Қызылорда облысы Қалжан Нұрмаханов атындағы №95 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі Наталия  Баркова  және Астана қаласы Төлеген Айбергенов атындағы №16 мектептің мұғалімі Визнович Виктория Игоревна Визновичке бұйырды.

 Сондай-ақ, ынталандыру сыйлығы — Абай облысы Қарауыл ауылы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия интернаты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі  Умут Ниязоваға және де түркістандық Айдын Рахматуллаева мен керекулік Ольга Коляда иеленіп, қуанышпен қайтты.

Бірінші орын иегері атанған талдықорғандық мұғалім Наурызгүл Азизбекқызын жүлдесімен құттықтаймыз.

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз