18.1 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 10 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 389

Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Талдықорғанға келді

ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жетісу облысына жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар медициналық нысандарын аралады. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының ұжымдары және дәрігерлерімен бірге медициналық көмектің басым бағыттарын талқылап, проблемалық мәселелерге ерекше назар аудара отырып, оларды шешуде Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қандай қолдау керектігін анықтады. Министр ең әуелі «Асар» спорттық-оңалту кешеніне барып, жұмыс бағытымен танысты. Орталықта массаж, логопедия, физиотерапия, кинезотерапия,...

Талдықорғанда қаржыгерлерге құрмет көрсетілді

Елімізде 1993 жылы 15 қарашадан бастап айналымға ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы күннен бастап еліміз өзінің төл теңгесіне, ұлттық валютасына  ие болды. Бұл  ұлттық валютамыз  тәуелсіз еліміздің негізгі айғағы  ретінде экономикалық егемендікті қамтамасыз етті. Ақша-кредиттеу саясатын жүргізуге және жаңа реформаларды  кеңінен дамытуға ықпалын тигізді. Ал, 1997 жылы  15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып...

Қазақстанда бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері туралы зерттеу болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің ел халқына әсері туралы зерттеуге қатысты түсінік берді. Оның айтуынша, осы мәселеге қатысты алдағы уақытта зерттеу ұйымдастырылады. Бұл тұрғыда жетекші институттарды, соның ішінде география институтын, сондай-ақ зерттеудің физиологиялық және медициналық аспектілерімен айналысатын Денсаулық сақтау министрлігінің институттарын тарту жоспарланған. «Жоғары ғылыми-техникалық комиссия жақын арада өзінің отырысын өткізеді және оның барысында осы тақырып...

Олжас Бектенов Президент Жолдауын жүзеге асыру аясында сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту жөнінде кеңес өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау мақсатында сирек және жерде сирек кездесетін металдар саласын дамыту мәселелері жөнінде кеңес өткізді. Саланы дамыту Қазақстанның әлемдік нарықтағы позициясын нығайтуға, технологиялар мен капитал тартуға, сондай-ақ экономиканың жаңа секторларындағы жеткізу тізбегіне қатысуды кеңейтуге мүмкіндік береді. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ағымдағы жағдай мен қабылданып жатқан шаралар туралы ...

Қазақстан «Серпін» бағдарламасын іске асыру жұмысын күшейтуге ниетті

ҚР Премьер-министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте «Серпін» бағдарламасының іске асырылу барысы қаралды.  Әлеуметтік жобаның мақсаты еліміздің оңтүстік өңірлерінен келген жастарды оқытып, кадр жетіспеушілігі байқалып отырған Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс аймақтарына жұмысқа орналастыруға бағытталған. Облыс әкімдерінің орынбасарлары жоба аясында атқарылып жатқан шаралар туралы айта келе, шешуді қажет ететін мәселелерді ортаға салды. Вице-премьер бағдарламаны жүзеге асырудағы негізгі мәселе жауаптылардың нақты,...

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ағымдағы жылдың  шілдесінен бастап  216  «СЕРГЕК» автоматты бекіту жүйесінің камералары орнатылды. «КРИС-П» 8 фото-радар кешендері сертификаттаудан және әкімшілік деректер базасымен интеграциялаудан өткізіліп, олар да қызметте жылдамдықты асырылуы мүмкін жерлерде қолданылуда.  Сондай-ақ, балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жанындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде бірқатар  балалар макеті орнатылды. Бұл жөнінде Жетісу облысы ПД жергілікті полиция қызмет басқармасының...

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» акциясына арнап мурал салынды

Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» акциясы тақырыбында мурал пайда болды. Аталған экологиялық бағдарламаның аясында облыста сенбілік шараларымен қатар осындай насихат жұмыстары да жүргізіліп келеді. Талдықорған қаласындағы «Бірлік» шағын ауданында № 33 үйдің қабырғасында жуырда «Таза Қазақстан» акциясын бейнелейтін мурал салынды. - Талдықорған қаласында бүгінгі күні тұлғатану, туризм, экология т.б. тақырыптарда 14 мурал бар. Соның біреуі «Таза Қазақстан» акциясына арналып...