Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету

104

Ағымдағы жылдың  шілдесінен бастап  216  «СЕРГЕК» автоматты бекіту жүйесінің камералары орнатылды. «КРИС-П» 8 фото-радар кешендері сертификаттаудан және әкімшілік деректер базасымен интеграциялаудан өткізіліп, олар да қызметте жылдамдықты асырылуы мүмкін жерлерде қолданылуда.  Сондай-ақ, балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу мақсатында мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жанындағы жаяу жүргіншілер өткелдерінде бірқатар  балалар макеті орнатылды. Бұл жөнінде Жетісу облысы ПД жергілікті полиция қызмет басқармасының бастығы, полиция полковнигі Қайсар Мұхметов баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Спикердің айтуынша облыс аумағында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген жүйелі жұмыс жүргізілуде. Мәселен, жыл басынан бері «Жаяу жүргінші», «Мас жүргізуші», «Назар аударыңыз, балалар», «Автобус», «Жолдағы қабылдау», «Жылдамдық», «Тонировка» сияқты жедел – профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, олардың барысында жол қозғалысы ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Апаттың жай-күйі мен себептерін талдау негізінде  ұйымдастырушылық-практикалық шаралар қабылданды. Ең авариялық учаскелер анықталып, күштер мен құралдардың орналасуы қайта қаралды, нарядтардың тығыздығы күшейтілді, кешенді нысаналы жұмыстар жүргізілуде. Қайсар Жақсылықбекұлы «ЖКО жасау себептері көбінесе жоғары жылдамдықты шектен асыру, жаяу жүргіншілердің немесе жол қозғалысына қатысушылардың қозғалыс ережелерін және қарсы қозғалыс немесе басып озу ережелерін бұзу, жергілікті аймақта жоғары жылдамдықты шектен асыру салдарынан орын алады. ЖКО салдарынан қаза тапқандардың саны былтырғы жылмен салыстырғанда Алакөл ауданы мен Кербұлақ ауданында өсті. Аталған аудандарда адам өлімімен ЖКО өсуінің тағы бір себебі, ҚАПББ бастықтарымен осы аумақта қызмет атқаратын Патрульдік полиция батальон қызметкерлері және оның басшыларымен дұрыс шаралар қабылдамауынан орын алып отыр. Өліммен аяқталған ЖКО-ның әрбір дерегі бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп, кінәлі тұлғалар мен олардың басшылары қатаң тәртіптік жауаптылыққа тартылды»-деп аталмыш оқиғалардың алдын алу мақсатында апта сайын жұма, сенбі және жексенбі күндері жол қозғалысы қауіпсіздігі бойынша жедел-профилактикалық және рейдтік іс-шаралар өткізілетіндігін атап өтті. Аймағымыз республика көлемінде жол көлік оқиғасы бойынша 9 орында тұр. Жол көлік оқиғаларын болдырмау және жол қозғалысына қатысушылардың барлығының жол қозғалыс ережелерін сақтауын қамтамасыз етуде жасырын патрульдеу әдісі бойынша ішкі істер органдарына бекітілген арнайы 3 автопатруль көліктері қызмет атқармақ. Оның көмегі бойынша тәулігіне 4 мыңға жуық заң бұзушылықты аңғаруға болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз