-4.5 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 24 декабря, 2025
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 388

Министр өңірлерде жер сілкінісі неше балдан болғанын айтты

 ҚР Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Үкімет отырысы кезінде Алматыда жақын арада жойқын зілзала болмайтынын айтты. Бұл туралы taldykorgan-online.kz  желілік басылым Stan.kz -ке сілтеме жасап хабарлайды. Ол зілзала эпицентрі Алматыдан 264 шақырым жерде Қырғызстан мен Қытай шекарасында болғанын атап өтті. Өткен түнде Алматыда 5 балдық, Шымкентте 2, Жамбыл облысында 2-3 балдық және Жетісу облысында 2 балдық жер сілкінісі тіркелген. Алдын...

Премьер-министр Алматыдағы жер сілкінісіне байланысты тапсырма берді

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Алматыдағы жер сілкінісі бойынша ахуал қаралды. Үкімет басшысы түрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін барлық ұйымға тапсырма берді,-деп хабарлайды ақпараткөздеріне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz Кеңесте премьер-министр ТЖМ-дан әкімдікке және басқа да мемлекеттік органдарға дейінгі барлық қызмет жер сілкінісіне ден қойғанын атап өтті. "Қаза тапқандар жоқ, ауқымды зиян келмеді. Алайда зардап шеккендер бар. Уақытылы...

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік ережелері

Жер сілкінісі кенеттен пайда болады және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі - бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыспен жарылыс нәтижесінде пайда болған және елеулі ауытқу түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер асты қозғалысы. Жер қыртысының траекториялық қозғалысын тудыратын жер сілкінісі өте жойқын болып келеді. Жер сілкінісінің барысында үйлер, жолдар, көпірлер, каналдар тоғандар...

Бірнеше аймақта жер сілкінісі тіркелді

Бүгін түнде жер сілкінісі Астана, Алматы қалалары, ШҚО, Жамбыл, Жетісу және Қарағанды облыстарында сезілді. Бұл жөнінде Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап  taldykorgan-online.kz. Бүгін түнде Алматы тұрғындары қатты жер сілкінісін сезінді. Кейбір аудандардың тұрғындары жер сілкінісінің кемі 5 минутқа созылғанын хабарлады. Сезілгені туралы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша): Алматы – 5 балл. Төтенше жағдайлар министрлігі таратқан ақпарат бойынша, Алматыдан бөлек, Астанада, ШҚО,...

Жетісуда жер сілкінді

Жетісу облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сейсмикалық станциялар желісімен 2024 жылғы 23 қаңтарда Алматы уақытымен сағат 00:09-да жер сілкінісі тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі Алматы қаласынан Оңтүстік-Шығысқа қарай 264 шақырым жерде Қазақстан аумағында (Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында) орналасқан. Анықталғандығы туралы мәліметтер (ДСМ-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласында - 5 балл, алдын ала болжам бойынша Талдықорған қаласында 3.3 балл, Текелі қаласында 3.4 балл....

Мемлекет басшысы Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ішкі істер министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті. Жиынға Президент Әкімшілігі мен мемлекеттік органдардың басшылығы, өңірлердің әкімдері, ІІМ алқа мүшелері, орталық аппараттың басшылық құрамы және аумақтық полиция департаменттерінің жетекшілері қатысты. Мемлекет басшысы елімізде «Заң және Тәртіп» қағидатын біржола орнықтыруда полиция айрықша рөл атқаратынын атап өтті. – Қылмыспен күресу және қоғамдық тәртіпті сақтау – аса маңызды міндет. Бұл –...

ЕГЕР БҰЛ ТІЗІМДЕ БОЛСАҢЫЗ МӘМС ҮШІН ЖАРНА ТӨЛЕМЕЙСІЗ

Жарналарын мемлекет төлейтін жеңілдік санатына кіреді: ⚡18 жасқа дейінгі балалар; ⚡Жұмыс істемейтін жүкті әйелдер; ⚡Баланы үш жасқа толғанға дейін тәрбиелейтін жұмыс істемейтін адамдар; ⚡Жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға немесе асырап алуға байланысты, сондай-ақ бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты демалыстағы адамдар; ⚡«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі «Ана...

МӘМС АРҚЫЛЫ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАЛАЙ АЛУҒА БОЛАТЫНЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

Бірінші кезекте сізге алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелуіңізді тексеру қажет. Тіркелген клиника немесе емхана медициналық сақтандыру қорымен шарт жасасқан болуы керек екенін есте ұстаған жөн  Егер сіз медицинадық ұйымға әлі тіркелмеген болсаңыз, міндетті түрде тіркелу керек. Себебі олсыз жоспарлы түрде дәрігерге бара алмайсыз, диагностикадан өте алмайсыз және медициналық көмектің басқа да түрлеріне жолдама ала алмайсыз  Екінші. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі...

Жетісулық ауылдық мектептің оқушылары республикалық сайыста топ жарды

 Жуырда Астанада жаратылыстану-математикалық бағытта өткен ауыл мектептерінің оқушыларына арналған республикалық олимпиада өз мәресіне жетті. Қорытынды кезеңге барлығы  1 088 оқушы қатысқан болатын. Ауыл мектептерінің оқушыларына арналған бірінші республикалық олимпиадада еліміздің түкпір - түкпірінен келген 170 оқушы жеңімпаз атанды. Марапаттау рәсіміне ҚР Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева қатысты.«Мемлекет басшысы адами капиталды дамытуға ерекше көңіл бөледі. Ауыл мектептерінің республикалық пәндік олимпиадасы ортақ...

Талдықорғанда денсаулық фестивалі өтті

Жетісу облысының орталығыда жыл сайын қыс айында дәстүрлі түрде өтетін денсаулық фестивалі биыл да жалғасын тапты. Салтанатты шараға Талдықорған қаласы әкімінің аппарат басшысы Жеңіс Андабеков қатысып,  жұртты салауатты өмір салтын ұстанып, спорттың барлық түрімен айналысуға шақырып, шаһар басшысының құттықтау тілегін жеткізді. Жиналған қауым алдында сөз алған Жеңіс Саятбекұлы:  –  «Бүгінде қаламыздың спорт саңылақтарының байрақты бәсекелерде жеткен жетістіктері аз емес. Осыған...