Алаяқтық құрбаны болмаңыз

5

Өңірдегі интернет алаяқтыққа қарсы іс-қимыл бойынша кешенді шараларымен Жетісу облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті ұйымдастыру бақылау басқармасының аға жедел уәкілі Бауыржан Текесбай Өңірлік коммуникация алаңында өткен брифингте таныстырды. Қазіргі таңда алаяқтық мүлікке бағытталған ең көп таралған қылмыстардың бірі болып табылады.
Спикер атап өткендей, интернет-алаяқтық, мобильді төлемдерді бұзу және жалған банктік карталарды қолдану арқылы ақша ұрлау – кең тараған қылмыс түрлеріне айналды. Қылмыскерлер өздерін банк қызметкерлері ретінде таныстырып, клиенттердің деректеріне қол жеткізу және ақшалай қаражатты басқа шоттарға аударту мақсатында әртүрлі айла-тәсілдер қолдануда.
«Мысал ретінде алаяқтар күдікті операциялар туралы хабарлап, қаражатты «сақтандыру шотына» аударуды ұсынады. Сонымен қатар, олар инвестициялық жобалар, спорттық ойындар және қайырымдылық бастамалары арқылы азаматтарды адастыруда. Мұндай әрекеттерден көптеген адамдар зардап шегуде», — дейді Бауыржан Жанболатұлы.
Құқық қорғау органдары азаматтарды қырағылыққа шақырып, алаяқтықтың алдын алу үшін келесі шараларды ұсынады:
Бейтаныс адамдардың уәделеріне сенбеу және құжаттарды бермеу.
Телефон арқылы жеке ақпарат сұраған жағдайда, сөйлесуді дереу тоқтату.
Ақшаны тексерілмеген шоттарға аудармау және күмәнді мәмілелерге қатыспау.
Жетісу облысының құқық қорғау органдары мемлекетке залал келтірген алаяқтық істері ҚР ҚК 190-бабына сәйкес тергеліп, қатаң жазаланатынын ескертеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз