Жетісу облысында дене шынықтыру мен спортты дамыту

5

Облыс аумағында 1046 спорт нысаны жұмыс істейді, оның ішінде стадиондар, спорт сарайлары, бассейндер, теннис корттары және шаңғы базалары бар. Ауылдық жерлерде 700 елді мекен спорт нысандарын қолдануда. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Дидар Орынтай айтты.
Спорт залдарының тапшылығын жою үшін 9 жаңа нысанның құрылысына 3,7 млрд теңге бөлінген. Сондай-ақ, Талдықорған қаласындағы Орталық стадионның қайта жөндеу жұмыстары аяқталып, бірнеше ауданда спорт кешендері мен волейбол орталығы салынды. Ұлттық спорт түрлері мен инклюзивті бағдарламаларға ерекше көңіл бөлінуде: мүмкіндігі шектеулі жандардың 13,3%-ы спортпен белсенді айналысады. «2025 жылға арналған жоспарларға Текелі қаласындағы шаңғы-биатлон кешені мен ауылдық аймақтардағы спорттық нысандардың құрылысы кіреді. Жас спортшыларды қолдау бағдарламалары жүзеге асырылуда», – деп атап өтті спикер.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз