Республика күніне орай 40-тан астам жетісулық азаматқа мемлекеттік наградалар берілді
Бүгін Республика күніне орай облыс әкімі Бейбіт Исабаев әр салада еселі еңбек еткен қырықтан астам жетісулық азаматқа мемлекеттік наградалар тапсырды. Марапаттар Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрында өткен салтанатты жиында берілді.
Көпшілікті мерекемен құттықтаған облыс әкімі ел дамуындағы жетісулықтардың еселі еңбегін атап өтіп, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталды:
- Еліміздің ұлық мерекесі Республика күні – тәуелсіздігіміздің түп-бастауында тұрған, елдігіміз бен бірлігіміздің басты...
Алтын ұяң — Отан қымбат
Қайрат Сарқытов, С.Мұратбеков атындағы №9 орта мектеп директоры: Егемен ел болған жылдан бері бәсекеге қабілетті экономиканың негізі қаланды, осылайша Орталық Азия өңірінде көш бастап келеміз. Басталған реформалар жалғасын тауып, тұрғындарға ыңғайлы орта қалыптастыру, білім, денсаулық сақтау саласында қызмет көрсетуді жақсарту, цифрландыру бойынша жұмыстар жүйелі жүргізілуде. Қарға тамырлы қазағым тәуелсіз мемлекетте тату-тәтті, бейбіт күн кешуде. Ата-бабамыздың қасық қаны қалғанша күресіп,...
Бейбітшілік — біздің басты байлығымыз
Ғалия Ақшолақова, №17 орта мектеп директоры: Ата-бабамыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты - азаттықты аялау, халқымыздың татулығын сақтау болды. Бейбітшілік – біздің басты байлығымыз. Оның қадіріне жетіп, бағалай білу – бәрімізге ортақ парыз. Мұны еліміздің әрбір азаматы, әсіресе, өскелең ұрпақ терең түсінуі аса қажет. Елін сүйген ерлердің отаншылдығы және олардың ұлт мүддесіне адалдығы әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Бабадан...
Ел амандығынан асқан құндылық жоқ
Құрметті талдықорғандықтар!
Сіздерді Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен еліміздің ұлттық мерекесі қатарына қайта қосылды. Көпшілік білетіндей, 1990 жылғы 25 қазанда «Егемендік туралы» декларация қабылданды, еліміз тәуелсіздікке бет бұрды, азат болудың алғы шарты жасалды. Сондықтан біз үшін бұл күннің орны ерекше.
Қазіргі шақта Жаңа, Әділетті Қазақстанды құрудың маңызды қадамдары жасалуда. Еліміздің құрылымдық жүйесінде, саяси-экономикалық бағытында...
Жетісу облысының ауылында Республика күні қарсаңында жаңа саябақ ашылды
Республика күні қарсаңында Жетісу облысы Панфилов ауданының Талды ауылында саябақ ашылды. Демеушілер есебінен жасалған саябақтың аумағы 1 гектар.
Жалпы Талды ауылында 2200-ден астам адам тұрады. Жергілікті азаматтар туған жерін көркейтуге атсалысу мақсатында ауылға саябақ жасап берген. Мереке қарсаңында өткен саябақтың салтанатты ашылуына ауыл жұртшылығы қатысты. Олар ауылда көрнекті орындардың салынғанын қуана құптайды:
- Өзіміз де, бала-шағымыз да осы ауылда өсіп-өндік. Ауылдың...
ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың 25 қазанға арналған жұмыс кестесі
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 25 қазан Республика күніне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мамандандырылған орталықтар жұма күні жұмыс істемейтінін хабарлайды.
Айта кетейік, 26 қазан кезекші ХҚКО мен кезекші мамандандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін жұмыс күні болып саналады. Мемлекеттік қызметтерді сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін алуға болады.
Естеріңізге сала кетейік, ХҚКО-лар жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін азаматтарды қабылдайды. Кезекші...
Меритократия — мемлекеттік қызметке қабылдау мен ілгерілеудің нақты қағидаты
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында еліміздегі мемлекеттік аппараттың жоғары кәсіби жұмысының маңыздылығын бірнеше мәрте атап өтіп, мемлекеттік қызметке кіру және одан шығу рәсімдерін жеңілдету, бюрократияға жол бермеу, меритократия қағидатын ілгерілетуге қатысты жаңа міндеттер қойды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 17 шілдедегі №602 Жарлығына сәйкес, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметін дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында» мемлекеттік қызметті дамыту қағидатының...
Халқы – біртұтас, болашағы – жарқын елміз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне орай өткен салтанатты жиында қазақстандықтарды ұлтымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтап, жүзеге асырылып жатқан жан-жақты реформаларды талқылады. Сондай-ақ, елімізді дамытуға орасан зор үлес қосып жүрген бір топ азаматқа жоғары наградаларды және Мемлекеттік сыйлықты салтанатты түрде табыстады.
Өз сөзінде Президент «Бір-бірімізге тілектес болайық, өзара құрметпен қарайық, қадірлейік. Кез келген қиындыққа қарсы тұрып, ел үшін, жер үшін...
Мемлекет басшысы Республика күніне орай өткен салтанатты жиында сөз сөйледі
Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жиында қазақстандықтарды ұлтымыздың ең ұлық мерекесімен құттықтап, бұл азаттықтың алтын қазығын қаққан күн екенін атап өтті. Президент еліміздің Егемендігі туралы декларация қабылданған күнді қасиетті Тәуелсіздігіміздің бастауына балады.
Мемлекет басшысы өз сөзінде болашаққа сеніммен қарайтын ұлт қана табысқа жете алатынына назар аударып, өмір болған соң түрлі қиындық та кездесетініне тоқталды.
– Еліміз таңдаған даму жолынан ешқашан айнымайды. Мұны биылғы...
Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу
Қазақстандықтарды алаңдататын теріс әрекеттер қатарында өзіне - өзі қол жұмсау көрсеткіші соңғы жылдары азайғанымен,жасөспірімдер арасында әлі де тіркелуде. Өмірдің тәтті дәмін татып үлгермеген жастар неліктен осы жолды таңдайды?Мамандар жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың көптеген себептерін анықтап отыр.Баланың психикалық күйзеліске немесе депрессияға түсуі,жалғыздықтан жалығуы, яғни,өзін ешкімге қажетсіз екенін сезінуі,қаржыдан қысылуы,ата-анамен кейде өзі қатарлы балалармен жанжалдасып қалуы, кей жағдайда оқыстан жасап...





























