Жасөспірімдер арасындағы суицидтің алдын алу

81

Қазақстандықтарды алаңдататын теріс әрекеттер қатарында өзіне — өзі қол жұмсау  көрсеткіші соңғы жылдары азайғанымен,жасөспірімдер арасында әлі де тіркелуде. Өмірдің тәтті дәмін татып үлгермеген жастар неліктен осы жолды таңдайды?Мамандар жастар арасында өзіне-өзі қол жұмсаудың көптеген себептерін анықтап отыр.Баланың психикалық күйзеліске немесе депрессияға түсуі,жалғыздықтан жалығуы, яғни,өзін ешкімге қажетсіз екенін сезінуі,қаржыдан қысылуы,ата-анамен кейде өзі қатарлы балалармен жанжалдасып қалуы, кей жағдайда оқыстан жасап алған кінәсі үшін жазадан құтылудың жолы ретінде де өз өміріне балта шабады.Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы зерттеулерінің нәтижесінде жасөспірімдер арасындағы суицидтің  41 пайызы-себебі белгісіз,19 пайызы-жазадан қорқу, 18 пайызы-психикалық ауру, 16 пайызы-қайғы-қасірет болса,қалғаны ақшалай шығындарға,тұрмыстық жағдайларға байланысты болатынын көрсеткен. Осы орайдатүсінгеніміз, баланың бойына ,санасына кішкентай кезінен ата-анасы сенімділік,адамгершілік,әдептілік,мейірімділік  қасиетін сіңіре білсе, рухани дағдарысқа ұшыраудың алдын алар еді.Бүгінде  еліміздегі әр мектепте  психологтар жұмыс істейді. Психолог мамандар түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, өзіне  қол жұмсауға әрекеттенген баланы, яғни «тәуекел тобына» жататын жасөспірімді анықтап, онымен жеке жұмыс жасайды.Оқу орындарында буллингтік оқиғаларға жол бермеу,түрлі қиындықтарда баланың жалғыз қалмауын қадағалау да суицидтің алдын алуға мүмкіндік береді.Ұлы данышпан Абай «жақсылық пен жамандықтың арасында шек жоқ жерде,ар-ождан,намыс,қадыр-қасиет,сабырлық,талап құрметтелмейтін жерде адам өз нәпсісінің құлы болады».Жасөспірімдерге өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің дұрыс еместігін және бұл қиын жағдайлардан шығудың жол еместігін түсіндіру аса маңызды.Өзгелердің назарын аудару үшін өзін өлімге қию дінімізде де ауыр күнә саналатынын бала біліп өскені дұрыс.Жасөспірімдер суициді- ата-ана,жақындары үшін ғана емес, барша қоғам,халқымыз үшін үлкен қасірет.Сондықтан да балаға асқан шектеулер қоя бермей,олардың ойына құлақ түріп, пікірін назарға алу маңызды. Психологиясы әлсіз балаға қандай қиындық болмасын оның шешу жолдары бар екенін түсіндіріп, уақытша түйткілді елемеуге үйрету-кеселдің алдын алу болып саналады.Жас толқынның белсенді,білімді,табысты болып өсуіне мемлекет тарапынан барлық жағдайлар жасалуда.Ғылым,мәдениет,өнер және спортта талантты жастарға қолдау әрқашан бола береді.Балаларды жаңа оқыту әдістемелері арқылы білімге баулу,ерекше балалардың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету еліміздің басты ұстанымы .

Ілияс Сағымбеков, «Талдықорған қаласының  ішкі саясат бөлімі» ММ сектор меңгерушісі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз