Талдықорғанда қатерлі ісікті ерте анықтау орталығы ашылды

435
Фото авторы Ж.Мұсабек

Елбасы Н.Назарбаев биылғы Жолдауында «Медицинада ауруларды диагностикалау мен емдеудің тиімділігін айтарлықтай арттыратын генетикалық талдау мен жасанды интеллект технологияларын енгізуге кірісуіміз керек»-деген еді. Осы орайда қалалық көпсалалы ауруханада «Алматы облысында медициналық ақпараттық жүйені кешенді енгізу» жобасы аясында қатерлі ісікті ерте анықтау орталығы ашылды.

Фото авторы Ж.Мұсабек

Ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау  вице-министрі Ләззат Ақтаева, облыс әкімінің орынбасары Ақан Әбдуәлиев, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бауыржан Ысқақ қатысты. Қала мен ауыл арасындағы жол қашықтығы, мамандар тапшылығы онкологиялық ауруларды  дер кезінде анықтауға кедергі келтіріп келді.  Енді алдағы уақытта  жағдаяттық орталық халықаралық озық тәжірибелер арқылы аурудың алдын алуға негіз болмақ. Заманауи құрылғымен жабдықталған аталмыш орталық облысымыздағы 13 медициналық мекемені: Алакөл, Ескелді, Жамбыл, Сарқан, Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Іле аудандары мен қаламыздағы №1 және №2 емхана, облыстық онкологиялық орталық пен аурухананы цифрлық жүйе арқылы біріктіреді.

Фото авторы Ж.Мұсабек

Мұнда компьютерлік диагностика, магниттік-резонанстық томография, рентген, маммография сынды зерттеулердің қорытындылары  шығарылады. Компьютер арқылы қатерлі ісіктің алғашқы сатыларын, яғни 1 миллиметрден бастап анықтауға мүмкіндік мол.  Науқас көп уақытын жоғалтып алмауы үшін тіпті дәрігерлер смартфон арқылы да тексеріп, көмек көрсете алады. Айта кетейік, статистикалық мәліметтерге сүйенсек облысымызда онкологиялық дерт бойынша биылғы жылы 14 252 науқас тіркелген. Оның ішінде  сүт безі және өкпе ісіктері алдыңғы қатарда тұр.

Фото авторы Ж.Мұсабек
Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK