21.4 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 10 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 385

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында сенбілік өтті

 Облыс орталығы Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акциясы аясында орталық саябақта сенбілік өтті. Тазалық шарасына қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов қатысып, жалпы мұндай акцияны барынша қолдап, әсем қаламызды одан әрі гүлдендіру керектігiн айтты. Сенбілікке,  облыс, қала әкімдігінің аппараты, облыстық басқарма қызметкерлері қатысты. Орталық саябақта өткен сенбілікке 200-ге жуық адам қатысып, саябақтың жол жиектері мен арық жүйелері тазаланып, 10 дана техника...

Жетісуда «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі ашылды

Жетісу облысы Панфилов ауданында ұзындығы 32 шақырым болатын «Жаркент-Қорғас» автомобиль жолының негізгі учаскесі салтанатты түрде ашылды. «Нұр жолы» кеден бекетіне, «Қорғас» ХШЫО-ға, Алтынкөл станциясына, «Қорғас – Шығыс қақпасы» АЭА-ға баратын автокөліктер легі дәл осы жол арқылы жүреді,- деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Автомобиль жолы қай кезде де елдің инфрақұрылымының маңызды бөлігі болып саналған. Мұндай негізгі артериялар тек жергілікті тұрғындардың...

«Талдықорған-Үшарал» газ құбырын салу жоспарлы түрде жалғасуда

Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов және «Интергаз Орталық Азия» АҚ Бас директоры Манас Тасыбаев «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырының құрылыс барысымен танысты. «Талдықорған-Үшарал» магистральдық газ құбырын салу» инвестициялық жобасын Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «QazaqGaz» Ұлттық компаниясы іске асыруда. Жоба Үкіметтің 2024 жылғы экономикалық өсуді қамтамасыз ету жөніндегі іс-қимыл жоспарына кіреді. Жаңа газ құбырының құрылысы осы жылдың тамыз айында Премьер-Министр Олжас Бектеновтің...

«AMANAT» фракциясы есірткі бизнесіне қатысты жазаны қатаңдатуды ұсынды

Бүгін Мәжілісте «AMANAT» партиясы фракциясының жиыны барысында депутаттар есірткі, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселесін қарады. Негізгі талқылау тақырыбы – осы салаға қатысты заңнаманы қайта қарау, яғни есірткі бизнесін ұйымдастырушыларға тағайындалатын жазаны қатаңдату. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам дертіне айналған осы қатерлі індетке, яғни есірткіге қарсы күрес жүргізу қажет екенін бірнеше рет айтқан болатын. Атап айтқанда, Атырауда...

Президент қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты шұғыл тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрге, Президент Әкімшілігінің Басшысына және күштік құрылымдардың жетекшілері мен барлық әкімдерге Украина төңірегіндегі жағдайдың ушығуына байланысты негізгі әскери және азаматтық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды. Парламент палаталарының төрағалары қабылданып жатқан іс-қимыл туралы хабардар етілді. Президент еліміздегі жағдайды өз бақылауында ұстап отыр. Біздің еліміз үшін басты стратегиялық мақсат – тұрақтылықты, тыныштықты, заң мен тәртіп үстемдігін...

Қазақстандықтар Жаңа жылда 4 күн демалады

Еңбек министрі 2024 жылғы 21 қарашадағы «Демалыс күнін 2025 жылға ауыстыру туралы» бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz. Мәтінде былай делінген: Демалыс күнін 2025 жылғы 5 қаңтардағы жексенбіден 2025 жылғы 3 қаңтардағы жұмаға жылжиды. Осылайша, 2025 жылдың 5 қаңтары жексенбі жұмыс күні, ал 2025 жылдың 3 қаңтары жұма демалыс күні болады. "Бес күндік жұмыс аптасында қазақстандықтар 1-4 қаңтар аралығында, ал алты күндік...

Астана мешітінің суреті бар жаңа монеталар шықты

Ұлттық Банк "Қазақстанның мешіттері мен соборлары" сериясынан ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI және "Сиқырлы рәміздер" сериясынан FATIMA QOLY коллекциялық монеталарын шығарады. Монеталарды kazcoins.nationalbank.kz интернет-дүкені арқылы сатып алуға болады. Бұл туралы  ресми ақпарат көздері хабарлайды. ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI 2024 жылғы 25 қарашадан бастап, FATIMA QOLY – 2024 жылғы 28 қарашадан бастап шығады. ASTANA QALASYNYŃ BAS MESHITI монетасы 2022 жылы ашылған Астананың орталық мешітіне арналған. Бұл...

Жетісуда тұңғыш рет ауыл әкімдерінің форумы өтті

«AMANAT» партиясының бастамасымен Жетісу облысының орталығы Талдықорған қаласында ауыл әкімдерінің басын біріктірген форум өтті. Айтулы жиынның басты мақсаты – мемлекет пен қоғам алдында тұрған, ауыл халқын толғандырып отырған өзекті де өткір мәселелерді  бірлесіп, ашық талқылау, олардың шешу жолдарын іздеу. Алқалы жиынға «AMANAT» партиясы орталық  аппарат басшысы Мади Оспанов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Болат Керімбек, Жетісу облысы әкімінің орынбасарлары Әлібек Жақанбаев және...

Талдықорғанда жеке секторлардан қоқыс шығару жұмыстары қарқын алды

Естеріңізге салсақ, 1 маусымнан бастап қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды «Жаңа Сана» ЖШС-гі шығаруды бастаған болатын. Ал жеке секторлардан қоқысты шығару жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кірісті. Алайда, жаңа мекеменің жұмысына қатысты әлеуметтік желілерде сынға толы жарияланымдар шығып, тұрғындар тарапынан түсініспеушілік туындауда. Атап айтқанда, жария шарт, 3 айға келген қарыз берешегі сынды түрлі сұрақтар көтерілуде. Аталған мәселені оңтайлы шешу үшін...

Талдықорғанда 10 айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 131 млрд. теңгеден асты

Жалпы Талдықорған экономикасының негізінің басым бөлігін өнеркәсіптік өндіріс құрайды. Бүгінде осы салада 200-ден аса өнеркәсіптік кәсіпорындары жұмыс істеп тұрса, онда 6 мыңнан аса адам еңбек етуде. 2024 жылдың 10 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 131,1 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлемі индексі-104,6%-ды құрап отыр. Қазіргі таңда қаламызда өндірілген өнімнің 80%-ын яғни, 13 ірі және шағын кәсіпорындарын құраса, ал жүйе құраушы 4 кәсіпорынға...