Облыс орталығы Талдықорған қаласында «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық экологиялық акциясы аясында орталық саябақта сенбілік өтті.
Тазалық шарасына қала әкімінің орынбасары Қуаныш Сейтімбетов қатысып, жалпы мұндай акцияны барынша қолдап, әсем қаламызды одан әрі гүлдендіру керектігiн айтты.
Сенбілікке, облыс, қала әкімдігінің аппараты, облыстық басқарма қызметкерлері қатысты.
Орталық саябақта өткен сенбілікке 200-ге жуық адам қатысып, саябақтың жол жиектері мен арық жүйелері тазаланып, 10 дана техника жұмылдырылып, 300 м3 қоқыс шығарылды.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі