Талдықорғанда 10 айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 131 млрд. теңгеден асты

12
Жалпы Талдықорған экономикасының негізінің басым бөлігін өнеркәсіптік өндіріс құрайды. Бүгінде осы салада 200-ден аса өнеркәсіптік кәсіпорындары жұмыс істеп тұрса, онда 6 мыңнан аса адам еңбек етуде. 2024 жылдың 10 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 131,1 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлемі индексі-104,6%-ды құрап отыр. Қазіргі таңда қаламызда өндірілген өнімнің 80%-ын яғни, 13 ірі және шағын кәсіпорындарын құраса, ал жүйе құраушы 4 кәсіпорынға оның 50%-ы тиесілі. Атап айтқанда, «JLC» ЖШС, «Темірбетон» ЖШС, «Қайнар АКБ» ЖШС және «Метакон» ЖШС.
Айта кетейік, жалпы Талдықорған қаласындағы кәсіпорындарда тамақ өнімдері оның ішінде сүт нан өнімдері содай-ақ, құрылыс материалдарының бірнеше түрі яғни темірбетон, фарфор плиткалары, арматура, құрғақ құрылыс қоспалары, түрлі-түсті лак бұйымдары, базальтты жылытқыштар және аккумуляторлық батареялар, кабельдік-өткізгіштер сонымен қатар, электр желісін салуға арналған металл конструкциялары да өндіріледі. Талдықорған қаласында өндірілген барлық өнімдеріміз еліміздің әр өңірінен бөлек алыс-жақын шетелдерге де экспортталады.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз