Талдықорғанда жеке секторлардан қоқыс шығару жұмыстары қарқын алды

18
Естеріңізге салсақ, 1 маусымнан бастап қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды «Жаңа Сана» ЖШС-гі шығаруды бастаған болатын. Ал жеке секторлардан қоқысты шығару жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кірісті. Алайда, жаңа мекеменің жұмысына қатысты әлеуметтік желілерде сынға толы жарияланымдар шығып, тұрғындар тарапынан түсініспеушілік туындауда.
Атап айтқанда, жария шарт, 3 айға келген қарыз берешегі сынды түрлі сұрақтар көтерілуде. Аталған мәселені оңтайлы шешу үшін мекеме жұмыс қарқынын ұлғайтып, бүгінгі күні бір жүйеге келтірді.
Атап айтқанда көпқабатты тұрғын үйлердің аумағынан ҚТҚ шығару күн сайын жүргізілсе, ал жеке аумақтардан аптасына бір рет шығарылатын болады. Сондай-ақ, контейнер аумағының 5 метр радиуста тазарту және жаз мезгілінде әр 21 күн сайын дезинфекциялау және жуу жұмыстары жүргізілетін болады. Айта кетейік, еліміздегі қоқыс шығару тарифінің ең төменгі бағасы Талдықорған қаласында тіркелген.
Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз