ЖЕТІСУДА «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
📌«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы мүшелері және белсенді жастармен бірге 15 наурыз күні өтетін жалпыхалықтық референдум қарсаңында Талдықорған қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
📎Акция барысында өңірлік коалиция мүшесі Қуаныш Сайлаубай және белсенді жастар Талдықорған қаласының бірнеше шағынауданын аралап, көпқабатты үйлер мен жеке сектордағы тұрғындармен Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнын түсіндіріп, арнайы дайындалған парақшаларды таратып, референдумның...
Жетісу облысында 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс – бірлік бастауы» мерекелік іс-шарасы өтті
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Қаратал ауданында және Талдықорған қаласында «Алғыс – бірлік бастауы» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Бұл күн қоғамдағы сыйластық пен ризашылық сезімін арттыруға, этносаралық келісімді нығайтуға және жастарды ұлттық құндылықтарға құрметпен тәрбиелеуге арналған ерекше шара болды.
Іс-шараның алғашқы бөлімі Қаратал ауданы, Бастөбе ауылы, «Қазақ халқына мың алғыс!» монументінде ұйымдастырылып, салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды....
СЫЙЛАСТЫҚ ПЕН АЛҒЫС ЫНТЫМАҚҚА ЖЕТКІЗЕДІ
Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
1 Наурыз – Алғыс айту
күнімен құттықтауы
Құрметті жетісулықтар!
Алғыс айту күніне орай шынайы құттықтауымды қабылалыңыздар!
Бір-бірімізге ризашылық білдіріп, ортақ тарихымызға құрмет көрсете отырып, біз бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтып, жалпыұлттық құндылықтарымызды сақтап келеміз.
Бұл ретте облыс тұрғындары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің елеулі үлесін қосуда. Мемлекетіміз қолжеткізіп отырған барлық жетістіктерге бір-бірімізге қолдау көрсетудің, бір мақсатқа жұмылудың арқасында жеттік. Осы ортақ іске...
«Жаңа Конституция – әділдік пен заманауи басқаруға берілген жауап»
«Respublica» партиясының өкілі Екатерина Смолякова Қазақстан терең трансформация кезеңіне қадам басқанын айтты. Оның сөзінше, жаңа Конституция – жай ғана заңнамалық өзгеріс емес, әділдік пен заманауи басқаруға деген қоғамдық сұранысқа берілген нақты жауап.
«Басқару жүйесінде «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» моделіне көшу көзделген. Жаңа құрылым шешім қабылдаудың ашықтығын арттырып, өңірлердің экономикалық дербестігін күшейтеді. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы аймақтар...
Дания Еспаева: Мемлекет кәсіпкердің бизнесі мен меншігін қорғауға міндетті
«Ақжол» партиясының өкілі Дания Еспаева «Жаңа Конституция – жаңа мүмкіндіктер» атты партияаралық дебатта сөз сөйледі.
Оның айтуынша, жаңа конституциялық нормаға сәйкес мемлекет кәсіпкердің бизнесі мен меншігін қорғауға міндетті. Яғни кәсіпорын, өнім немесе инвестиция заңмен толық қорғалады.
Сондай-ақ егер салық органы шотты негізсіз бұғаттаса, кәсіпкер сот арқылы шешімді жойдырып қана қоймай, шығынды мемлекеттен өтете алады.
Бұл өзгерістердің негізінде үш басты құндылық жатыр: Қорғаныс,...
Нұрлан Әуесбаев: Жаңа Конституцияда отбасы мен бала құқығы қорғалады
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының мүшесі Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, Ата Заңда отбасы мен неке ұғымдарының нақты айқындалуы – қоғамдағы дәстүрлі құндылықтарды құқықтық деңгейде бекітудің көрінісі. Жаңа Конституцияда неке, отбасы, ана, әке және баланың мемлекет қорғауында екені нақты көрсетілген. Бұл – отбасы тек әлеуметтік ұғым емес, мемлекеттің қорғауындағы маңызды институт екенін білдіреді.
Сондай-ақ отбасына қатысты кез келген заң мен шешім ең алдымен отбасы...
Айдос Сарым: Жаңа Конституцияның 3-бабы – мемлекеттік саясаттың негізгі тірегі
Онда егемендікті қорғау, ұлттық бірлікті нығайту және заң үстемдігін қамтамасыз ету басты қағидаттар ретінде бекітілген.
Құжат адам құқықтарын сақтауды, қоғамдық келісімді, халықтың әл-ауқатын арттыруды және білім мен инновацияға негізделген дамуды стратегиялық бағыт ретінде айқындайды.
Конституция тарихи сабақтастықты сақтай отырып, Қазақстанның ұзақмерзімді даму моделін белгілейді.
Жетісуда бір күнде үш өрт сөндіру бөлімі қолданысқа берілді
Жетісу облысында бір күнде үш өрт сөндіру бөлімі қолданысқа берілді. Талдықорған қаласындағы, Көксу және Кербұлақ аудандарындағы жаңадан салынған және қайта жаңғыртылған өрт сөндіру бөлімдерінің ашылу салтанатына өңірге жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов пен облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Осы күні алдымен Талдықорған қаласындағы...
Жетісуда құтқарушыларға арнайы көліктер тапсырылды
Бүгін Жетісу облысына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов және облыс әкімі Бейбіт Исабаев құтқарушыларға арнайы техника кілттерін тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Талдықорғандағы орталық алаңда өткен кілт беру салтанатында сөз сөйлеген өңір басшысы облыста төтенше жағдайлар саласының материалдық базасын нығайтуға жүйелі түрде көңіл бөлінетінін айтты.
- Облыс құрылған кезде Төтенше...
Жетісу облысында ТЖД-ның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі талқыланды
Жетісу облысының әкімдігінде өңір басшысы Бейбіт Исабаев пен облысқа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жиын өткізді. Жиында тараптар материалдық-техникалық базаны одан әрі дамыту, жедел әрекет ету деңгейін арттыру және өңірдің азаматтық қорғау жүйесін нығайту бағытындағы алдағы қадамдарды талқылады, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы өз сөзінде:
- Облыс құрылғалы бері...





























