СЫЙЛАСТЫҚ ПЕН АЛҒЫС ЫНТЫМАҚҚА ЖЕТКІЗЕДІ

Жетісу облысының әкімі

Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың

1 Наурыз – Алғыс айту

күнімен құттықтауы

 

 Құрметті жетісулықтар!

Алғыс айту күніне орай шынайы құттықтауымды қабылалыңыздар!

Бір-бірімізге ризашылық білдіріп, ортақ тарихымызға құрмет көрсете отырып, біз бірлігіміз бен ынтымағымызды нығайтып, жалпыұлттық құндылықтарымызды сақтап келеміз.

Бұл ретте облыс тұрғындары өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына өзінің елеулі үлесін қосуда. Мемлекетіміз қолжеткізіп отырған барлық жетістіктерге бір-бірімізге қолдау көрсетудің, бір мақсатқа жұмылудың арқасында жеттік. Осы ортақ іске белсене атсалысқан баршаңызға шын жүректен алғыс айтамын.

Жетісулықтар еліміздің болашақ даму жолын айқындайтын жаңа Конституция бойынша референдумда да ауызбірлік танытады деп сенемін.

Сіздерге мықты денсаулық, жемісті еңбек, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз