Жетісу облысында ТЖД-ның материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі талқыланды

Жетісу облысының әкімдігінде өңір басшысы Бейбіт Исабаев пен облысқа жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов жиын өткізді. Жиында тараптар материалдық-техникалық базаны одан әрі дамыту, жедел әрекет ету деңгейін арттыру және өңірдің азаматтық қорғау жүйесін нығайту бағытындағы алдағы қадамдарды талқылады, — деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Өңір басшысы өз сөзінде:

— Облыс құрылғалы бері аймақта Төтенше жағдай департаментінің материалдық базасын жақсартуға бағытталған елеулі жұмыстар қолға алынды. Соңғы екі жарым жылда техникамен жабдықталуы 12 % жуық өсті. Жергілікті бюджеттен қаржы бөліп, арнайы техникалар сатып алып, өрт сөндіру деполарын салып жатырмыз. Мұның бәрі халықтың қауіпсіздігі үшін жасалып отыр, — деді Бейбіт Исабаев. 

Жиын барысында ТЖМ басшысы Шыңғыс Әрінов министрліктің өңірге жан-жақты қолдау көрсететінін жеткізді:

— Біздің мақсатымыз ортақ – жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ол үшін нақты шаралар қабылдануда. Өрт сөндіру қызметімен қатар, алдын алу, құтқару қызметі, селден және жер сілкінісінен қорғау бағыттары да ерекше назар аударылады. Бұл жұмыстар жүйелі жалғасып, жоспарларымызды қадам-қадаммен іске асырамыз деп ойлаймын, – деп атап өтті.

Кеңес барысында тікұшақ техникасына арналған ангар салу, сондай-ақ Жетісу облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімшелерін заманауи техникамен және қажетті жабдықтармен қамтамасыз етуді күшейту мәселелері қаралды.

Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Фотограф: Дмитрий Ерофеев.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз