Қолжетімді баспана: Жетісуда 35 отбасы үйлі болды
Жетісу облысында 35 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Атап айтқанда, жеке үйлер мен пәтерлердің кілті Талдықорған қаласы мен Көксу ауданының тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарына берілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Талдықорғанда әлеуметтік осал санаттағы 28 отбасы үйлі болды. Оларға бір, екі және үш бөлмелі баспана кілттері табысталды. Берілген тұрғын үйлер қаланың «Жастар-3» тұрғын үй алабынан,...
ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!
Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз?
Ол үшін 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін Сіз өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыс етедi.
Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық...
Жетісуда әмбебап нысан – спорт залы бар мәдениет үйі ашылды
Алғыс айту күнінде Жетісу облысының ауылдық елді мекенінде тағы бір әлеуметтік нысан іске қосылды. Атап айтқанда, Ақсу ауданы Н.Есеболатов ауылында дене шынықтыру залымен біріктірілген 180 орындық жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Шараға аудан әкімдігінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері, жергілікті ардагерлер, жастар, ауыл тұрғындары қатысты.
Ашылу салтанатында жаңа нысанның лентасы...
Аса маңызды қадам
Жаңа Конституция жобасында адам құқықтары мен бостандықтарын мемлекеттің басты басымдығы ретінде айқындау қоғамның орнықты әрі үйлесімді дамуы үшін аса маңызды әрі стратегиялық қадам болып табылады. Бұл қағида мемлекеттің бүкіл қызметі мен саясатының өзегіне адамды, оның қадір-қасиетін, құқықтары мен заңды мүдделерін қоюды көздейді. Конституция жобасында азаматтардың жеке, саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтарын қорғау кепілдіктері айтарлықтай күшейтілген.
Атап айтқанда, әр адамның өмір...
2026 жылдың екі айының қорытындысы бойынша республикалық бюджетке түсетін салық түсімдерінің орындалуы
2026 жылғы қаңтар-ақпанның қорытындысы бойынша Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің тұрақты орындалуы қамтамасыз етілді.
2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша республикалық бюджеттің салықтық түсімдері бойынша жоспардың орындалуы 113,7 құрады, бюджетке 2 979,0 млрд. теңге түсті. Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өсу қарқыны 677,5 млрд. теңге немесе 129,4%.
Оң динамика негізгі бюджет құраушы салықтар есебінен қамтамасыз етілді. Корпоративтік табыс салығы (КТС) бойынша өсу қарқыны 116,9% (+118,0 млрд. теңге), Қосылған құн салығы (ҚҚС) бойынша 138,8% (+428,6 млрд. теңге) құрады.
Сонымен қатар, ақпараттық кеңістікте...
Ата Заң-жетістігіміздің бастауы
Мемлекет басшысының жаңа Консититуция жобасын халық талқысына салып, референдум өткізуі-маңызды демократиялық қадам. Бірнеше ай бойы қоғамда жаңа өзгерістерге қатысты қызу пікірталас туып, мыңдаған ұсыныстар конституциялық реформалар жөніндегі Комиссияға жолданғаны белгілі. Талдықорған қалалық Қоғамдық кеңес мүшесі ретінде өзім де бірқатар азаматтармен кездесіп, пікірлерін тыңдадым. Жұртшылық Конституция - мемлекеттің ғана емес, әр отбасының қорғаны екенін жете түсінеді. Қазіргі таңда халық назарына...
Қазақстанда зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған көмек кабинеттері ашылады
Еліміз бойынша зорлық-зомбылықтан зардап шеккен балаларға арналған мамандандырылған көмек кабинеттері ашылады. Бұл кабинеттерде кәмелетке толмағандарға «бір терезе» қағидаты бойынша кешенді қолдау көрсетіледі.
Балаға қолайлы ортада алғашқы психологиялық көмектен бастап сот-медициналық сараптамадан өтуге және бейінді мамандардың қатысуымен сауалнама жүргізуге дейінгі барлық қажетті қызметтер бір жерде көрсетіледі. Бұл оның көптеген ұйымдарға бару қажеттілігін жойып, психологиялық тұрғыдан қайта жарақат алуына жол бермейді.
Аталған жаңашылдық...
Қорғаныс министрі Қарулы күштердің жауынгерлік дайындық басымдықтарын айқындады
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университетінде жауынгерлік дайындық жүйесін жетілдіру мәселелеріне арналған Қарулы күштер басшылық құрамының қызметтік жиналысы өтті.
Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов жеке құрамды оқытуда практикалық бағытты күшейтуді және барлық деңгейдегі командирлердің жауынгерлік дайындықтың сапасына жеке жауапкершілігін арттыру қажеттігін атап өтті. Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Бас штаб бастығы генерал-лейтенант Қаныш Әбубәкіровтің басшылығымен қолбасшылықтың жауынгерлік дайындық жүйесіндегі міндеттері,...
ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНДА АЛҒЫС АЙТУ КҮНІН МЕРЕКЕЛЕУ БАРЫСЫНДА ҚҰРТ ЖАСАУ БОЙЫНША РЕКОРД ОРНАТЫЛДЫ
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен Талдықорғандағы Достық үйінде «Алғыс – бірлік бастауы» атты ауқымды мерекелік іс-шара өтті. Тағылымы терең бұл мереке қоғамдағы өзара сыйластық пен ризашылық құндылықтарын дәріптеп, этносаралық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайтуды көздеген маңызды рухани бастама болды.
Мерекелік жиын аясында көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырған бастамалардың бірі – ұлттық тағам құрт дайындау арқылы...
ЖЕТІСУДА «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА
📌«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалициясы мүшелері және белсенді жастармен бірге 15 наурыз күні өтетін жалпыхалықтық референдум қарсаңында Талдықорған қаласында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді түрде жүргізуде.
📎Акция барысында өңірлік коалиция мүшесі Қуаныш Сайлаубай және белсенді жастар Талдықорған қаласының бірнеше шағынауданын аралап, көпқабатты үйлер мен жеке сектордағы тұрғындармен Конституцияға ұсынылып отырған өзгерістердің мазмұнын түсіндіріп, арнайы дайындалған парақшаларды таратып, референдумның...





























