18.7 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 24 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 361

Есірткінің салдары ауыр

Есірткіні қолданудың негізгі себептері: әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, есірткі қолданатын достардың ықпалы, ақпараттың жетіспеушілігі және психологиялық мәселелер. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жасөспірімдер проблемаларға жиі тап болып, есірткіге бой алдыруы мүмкін. Сондай-ақ, топқа қабылдану үшін құрдастар қысымы да үлкен рөл атқарады. Есірткінің салдары ауыр: денсаулыққа зиян, оқу үлгерімінің төмендеуі, әлеуметтік оқшаулану және қылмыстық әрекеттерге әкелуі мүмкін. Оқушылардың денсаулығы мен болашағына кері әсерін...

2024 жылы жылу-электр энергетикасын дамыту бойынша жобаларды жүзеге асыруға 58,3 млрд теңге бөлінді

2024 жылы Энергетика министрлігінің «Жылу-электр энергетикасын дамыту» бюджеттік бағдарламасы шеңберінде республикалық бюджеттен 14 жобаны іске асыру үшін 58,3 млрд теңге бөлінді.  Оның ішінде жылумен қамтамасыз ету бойынша алты жоба, электрмен жабдықтау бойынша сегіз жоба бар. Жобалардың бірі қазірдің өзінде іжұмыс істеп тұр, атап айтсақ, Орал қаласының «Ақжайық» ЕТЖҚ ауданында 110/10 кВ қосалқы станса пайдалануға берілді.  Сонымен қатар қайтарымды инвестициялардың жылдық лимиті...

Жетісу облысында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50 пайызға жетті

Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50% жетті. Құрылыс жұмыстары биыл да жалғасты. Жаңа заманауи нысандар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларында қолданысқа берілді, - деп хабарлайды Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі. Мәселен, білім беру саласында биыл облыста 1055 орынды 13 балабақша және оған қосымша 1461 орын ашу жоспарланған....

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі «La Salle School» Малайзия мектебімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды

Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Куала-Лумпур қаласының «La Salle School» малайзиялық мектебімен әріптестік туралы Меморандумға қол қойып, халықаралық ынтымақтастыққа маңызды қадам жасады. Бұл іс-шара әртүрлі елдердің оқу орындары арасында білім беру байланыстарын дамытуға және тәжірибе алмасуға бағытталған «Серіктестік мектептер»  жобасының бір бөлігіне айналды. Меморандумның негізгі мақсаты оқушылардың коммуникативтік дағдыларын, ұлтаралық қарым-қатынас пен жаһандық азаматтықты дамыту болып табылады. Ынтымақтастық шеңберінде әртүрлі...

«Досыңды тамақтандыр» акциясы: Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары иесіз иттерге көмектеседі

Соңғы жылдары «қаңғыбас» жануарлар мәселесі біздің қоғамда өзекті мәселеге айналды. Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мектептің «Үміт баспанасы» әлеуметтік жобасы аясында акция ұйымдастырып, осы мәселені шешуге өз үлестерін қосуды ұйғарды. Бұл бастама иесіз иттерге көмектесіп қана қоймай, оқушыларды, мұғалімдерді және мектеп қауымдастығын біріктірді. Талдықорған NIS қабырғасында "Үміт баспанасы» әлеуметтік жобасы тоғыз жыл бойы жүзеге асырылып келеді, ол үйсіз үй...

Теориялық емтиханға қалай жазыламыз?

Жүргізуші куәлігін алу үшін теориялық емтиханға қалай жазылу керек? Толық ақпаратпен бүгінгі "Қысқа да нұсқа" айдарында бөлісеміз. “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

Жыл қорытындысы: Ел экономикасының шикізаттық емес секторды дамыту, инвестиция тарту және бизнесті қолдау шараларын күшейту арқылы өсуі

Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланым топтамасын жалғастыруда. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет мұнайдан тыс секторды дамытуға бағытталған экономиканы құрылымдық өзгерту бойынша бірқатар шара қабылдады. Отандық өндірушілерді қолдау құралдарын күшейту арқылы еліміздің инвестициялық тартымдылығын арттыру және іскерлік белсенділікті күшейту үшін қолайлы жағдай жасау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Негізгі экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны Алдын ала бағалау бойынша осы жылдың 11...

Мемлекет басшысы Премьер-Министр Олжас Бектеновті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық өсімді қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру бойынша тапсырмаларының орындалу барысы туралы баяндалды. Олжас Бектеновтің айтуынша, биылғы қаңтар-қараша айларында жалпы ішкі өнімнің өсімі 4,4 пайызды құраған. Экономиканы әртараптандыру аясында ауыл шаруашылығы (13,4 пайыз), құрылыс (10,3 пайыз), сауда (8,2 пайыз), көлік (8,1 пайыз), өңдеу өнеркәсібі (5,3 пайыз), соның ішінде металлургия (7,2 пайыз) және машина жасау (6,9 пайыз), химия...

Бейбіт Исабаев бірқатар сала мамандарына марапат тапсырды

Облыс әкімі Бейбіт Исабаев желтоқсанның үшінші жексенбісінде аталып өтілетін энергетика саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай сала мамандарына және Тәуелсіздік күніне байланысты бірқатар ұстаздарға мемлекеттік марапаттар тапсырды. Облыс әкімдігінде энергетика мамандарымен өткен жиында Бейбіт Исабаев өңірдің жылды жақсы көрсеткіштермен қорытындылап отырғанын, онда барлық сала қызметкерлерінің үлесі бар екенін атап өтті. - Энергетика - елдің дамуы мен өркендеуінің негізі. Экономиканың қай саласын да,...

Желтоқсан құрбандарын еске алды

Талдықорғандықтар 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің  құрбандарын еске алды. «Желтоқсан желі ызғарлы» монументіне гүл шоқтарын қойып,   оқиғаның  құрбандарына тағзым ету рәсімі жасалды. Жиынға қатысқан Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Тәуелсіздік – қазақ халқының ғасырлар бойы арман еткен мақсаты, ел еркіндігі мен болашағына жол ашқан ұлы күн, еліміздің ең құнды байлығы. Оны қорғау, болашағын баянды ету - сіз бен біздің міндетіміз....