Желтоқсан құрбандарын еске алды

18

Талдықорғандықтар 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің  құрбандарын еске алды. «Желтоқсан желі ызғарлы» монументіне гүл шоқтарын қойып,   оқиғаның  құрбандарына тағзым ету рәсімі жасалды.

Жиынға қатысқан Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл «Тәуелсіздік – қазақ халқының ғасырлар бойы арман еткен мақсаты, ел еркіндігі мен болашағына жол ашқан ұлы күн, еліміздің ең құнды байлығы. Оны қорғау, болашағын баянды ету — сіз бен біздің міндетіміз. Желтоқсан көтерілісінде ұлт болашағы үшін бастарын бәйгеге тіккен батырларымыз бүгін міне, арамызда. Желтоқсаншыларға әрдайым құрмет көрсетілуі тиіс. Бостандық пен еркіндіктің бастауы болып табылатын осы салтанатты күнде сіздерге игілік пен бақыт, амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілеймін»- деп батыр бабалардың ұлы ерлігі әрдайым ел есінде сақталуы қажеттігін атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз