Есірткіні қолданудың негізгі себептері: әлеуметтік-экономикалық қиындықтар, есірткі қолданатын достардың ықпалы, ақпараттың жетіспеушілігі және психологиялық мәселелер. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардан шыққан жасөспірімдер проблемаларға жиі тап болып, есірткіге бой алдыруы мүмкін.
Сондай-ақ, топқа қабылдану үшін құрдастар қысымы да үлкен рөл атқарады. Есірткінің салдары ауыр: денсаулыққа зиян, оқу үлгерімінің төмендеуі, әлеуметтік оқшаулану және қылмыстық әрекеттерге әкелуі мүмкін. Оқушылардың денсаулығы мен болашағына кері әсерін тигізеді. Мәселені шешу үшін мектептерде профилактикалық бағдарламаларды күшейту, ата-аналармен жұмыс істеу, заңнамалық шараларды қатаңдату және жасөспірімдерге арналған психологиялық қолдау орталықтарын құру қажет. Бұл кешенді тәсіл жасөспірімдер арасындағы есірткіге тәуелділікті азайтуға және қауіпсіз қоғам құруға көмектеседі.
Қазкен Кульчикова, Жоғары санатты дәрігер, «Алтын дәрігер» төсбелгісінің иегері, Денсаулық сақтау ісінің үздігі