21.9 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 7 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 361

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: МАҚСАТЫМ – ЭКОНОМИКАНЫ ЖӘНЕ ЕГЕМЕНДІКТІ НЫҒАЙТУ

– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, былтыр «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатыңызда жылды қорытындылап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстың басым бағыттарын белгілеп бердіңіз. Осындай сұхбаттар жақсы дәстүрге айналып келеді. Бұл елімізді дамытуға қа­тысты шаралардың мән-маңызын азаматтарымыздың терең түсінуіне мүмкіндік береді. Бүгін де мазмұнды әрі ашық әңгіме өрбітеміз деп ойлаймын. Алғашқы сұрақ: Қазақстан үшін өткен жыл несімен ерекше болды?  – Былтыр көптеген маңызды оқиға...

Жетісу облысы Рудничный ауылындағы апатты жағдайда тұрған мектептің орнына жаңа ғимарат салуға 2,6 млрд теңге бөлінді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы» Заң шеңберінде Арнаулы мемлекеттік қор қаражаты есебінен Жетісу облысы Рудничный ауылында апатты жағдайдағы мектептің орнына жаңа ғимарат салынады. Үкімет бұл жобаны жүзеге асыруға 2,6 млрд теңге бөлу туралы шешім қабылдады. 1969 жылы салынған орта мектептің ескі ғимаратында 140-тан астам бала білім алуда. 55 жылдан бері білім ошағы ешқандай күрделі жөндеу...

2024 жылы республикалық бюджеттен әлеуметтік төлемдерге 5,3 трлн теңге бөлінді

2024 жыл Қазақстанда әлеуметтік қорғау жүйесін дамытудың маңызды кезеңі болды. Негізгі қадамдардың бірі базалық және ортақ зейнетақыларды, сондай-ақ мемлекеттік жәрдемақыларды индекстеумен байланысты әлеуметтік төлемдерді арттыру болды. Инфляцияның болжамды деңгейін ескере отырып, төлем мөлшері ұлғайтылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2023 жылдан бастап бес жыл ішінде ең төменгі базалық зейнетақыны ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-на дейін, ең жоғарғысы – 120%-ға дейін жыл...

Жетісу облысында Жаңа жыл қарсаңында 105 отбасы баспаналы болды

Жаңа жыл қарсаңында Жетісу облысында тағы 105 отбасы қоныстой қуанышына кенелді. Талдықорған және Жаркент қалаларында кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй кілттері табысталды. Атап айтқанда, Талдықорғанда көп балалы 25 отбасына «Береке» коттедж қалашығындағы үйлердің кілттері тапсырылды. Жаңа қоныстанушылардың бірі 7 баланың анасы Гүлнұр Нұрымбетова: - Бұл менің отбасым үшін Жаңа жылға үлкен сый болды. Тұрғын үй кезегінде 10 жылдан астам тұрдым. Осы сәтті...

Жетісу облысында Жаңа жыл қарсаңында тағы 7 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылды

Жетісу облысында Жаңа жыл қарсаңында тағы 7 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылды. Солардың қатарында Кербұлақ, Қаратал, Ескелді, Көксу және Сарқан аудандарында бір ауысымда 250 адам қабылдайтын емхана, ауылдық мәдениет үйлері, спорт кешендері мен медициналық пункттер бар. Кербұлақ ауданы Сарыөзек ауылында заманауи емхана пайдалануға берілді. - Бұрын компьютерлік томограф болған жоқ, жалпы материалдық-техникалық база ескірген болатын, соған сәйкес халыққа медициналық көмек көрсету...

ҚКО мен МХҚКО қаңтар айында қалай жұмыс істейді?

«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы 1 және 3 қаңтар аралығында Жаңа жыл мерекесіне орай ХҚКО мен МХҚКО жұмыс істемейтінін хабарлайды. Ал 4 қаңтар, яғни сенбі, кезекші орталықтар үшін жұмыс күні. Азаматтарды қабылдау 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асады. 5 және 6 қаңтар күні еліміздің барлық орталықтары әдеттегі кесте бойынша өз жұмысын жалғастырады. Елімізде 7 қаңтар күні православиелік Рождество тойланатындықтан, бұл күн...

Жаңа жыл қарсаңында Жетісуда 109 отбасы үйлі болды

Жетісу облысында Жаңа жыл қарсаңында Алакөл, Ақсу, Кербұлақ және Қаратал аудандарында 109 отбасы үйлі болды. Мәселен, Алакөл ауданында жаңа үйдің кілттері кезекте тұрған көп балалы отбасылар мен әлеуметтік осал топтағы азаматтарға табысталды. Бұл үйлердің әрқайсысының жалпы ауданы 60-70 шаршы метр, абаттандырылған жеке учаскесі бар. Соның ішінде 60 жаңа үй сатып алынып, 10-ы салынды. Жалпы бұл мақсатқа бюджеттен 1,4 млрд. теңгеден...

Көшкентал ауылында жаңа мектеп бой көтерді

Жетісу облысында бейімделген мектептің орнына тағы бір жаңа мектеп салынды. Ақсу ауданы Көшкентал ауылында 75 орынды шағын орталығы бар 180 оқушыға арналған мектеп ашылды. Жаңа үш қабатты мектепте 18 орынды оқу залы бар кітапхана, 40 орынды асхана, 124 орынды спорт және акт залдары қарастырылған. Білім ошағында жаңа модификация кабинеттері - физика, химия, биология кабинеттері, екі мультимедиялық кабинет, сондай-ақ қыздар мен...

Ақтаудағы ұшақ жолаушыларын құтқаруға қатысқан бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанның Azal компаниясына тиесілі ұшақтың апатқа ұшырауынан зардап шеккен адамдарды құтқару кезінде ерлік, кәсібилік және азаматтық жауапкершілік танытқаны үшін бір топ қазақстандықты мемлекеттік наградалармен марапаттады. Олардың арасында ТЖМ өкілдері, медицина мамандары, полицейлер, «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» акционерлік қоғамының жұмысшылары және Ақтау әуежайының қызметкерлері бар. Мемлекет басшысының Жарлығымен Маңғыстау облысы полиция департаментінің криминалисі Айбек Әлібаев Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ...