17.7 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 9 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 36

Жеке құрам үшін мәдени-танымдық іс-шара өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасының жеке құрамымен моральдық-психологиялық ахуалды нығайту, ұжымдық бірлікті арттыру және жағымды көңіл күй қалыптастыру мақсатында мәдени-танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында Жаркент қаласы мен Панфилов ауданының көрікті жерлері таныстырылып, Жаркент мешіті, М.Тынышбайұлы атындағы «Жауынгерлік Даңқ» музейі, Ә.Қастеев атындағы көркемсурет музейі, «Жаркент-Арасан» шипажайы және қасиетті Әулие ағаш нысандарына экскурсия жасалды. ҚР ҰҚК...

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында қазақтың ұлы ақыны, айтыстың өрең жүйрігі, ауыз әдебиетінің көрнекті өкілі Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған мәдени іс-шара өтті. Іс-шара барысында ақынның өмірі мен шығармашылығы таныстырылып, оның өлеңдері оқылып, ұлттық құндылықтар насихатталды. Кеш қатысушыларға рухани әсер сыйлап, патриоттық тәрбие беруге бағытталды. ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

Курсанттар оқушылармен үгіт-насихат кездесуін өткізді

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасында тәжірибеден өтіп жатқан ҚР ҰҚК Шекара академиясының курсанттары Алмалы ауылының Елтінді батыр атындағы орта мектебі және Атамекен ауылының Розыбакиев атындағы мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында шекара қызметінің имиджін арттыру және Шекара академиясына оқуға түсу тәртібі бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушыларға әскери мамандықтың артықшылықтары таныстырылып, сұрақтарына жауап берілді. ҚР...

Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді

Енді жерді жалға алу, сату және мақсатын өзгерту онлайн рәсімделеді 2026 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстанда жер қатынастары саласындағы үш қызмет цифрлық форматқа көшті. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, енді жердің нысаналы мақсатын өзгерту, жалдау мерзімін ұзарту және жер учаскесін сатып алу қызметтерін онлайн алуға болады. Цифрлық форматқа көшкен қызметтердің бірі – жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту. Мәселен, ауыл шаруашылығы мақсатында...

Халыққа қызмет көрсету орталықтарында цифрлық қызмет көрсету форматы

Цифрлық технологиялар күнделікті өмірімізді жеңілдетіп, көптеген процесті жылдамдатып жатыр. Бүгінде ХҚКО-ға бару — күту емес, қолайлылық пен өздігінен қызмет алу мүмкіндігі. Қызмет рәсімдеуге келдіңіз бе? Талонды небәрі бірнеше минутта алуға болады. Ол үшін тіркеу орны маңында немесе бөлімше қабырғаларында орналасқан QR-кодты смартфонмен сканерлеп, қажетті қызметті таңдасаңыз. Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында инновациялар мемлекеттік қызмет көрсету жүйесінің қалыпты бөлігіне айналды. _

Жасампаздыққа жетелеген жеті жыл

Қасым-Жомарт Тоқаев тұтас ұлт тағдырын мойнына алған жеті жылда еліміздің әлеуметтік-экономикалық және саяси даму моделінде ауқымды әрі жүйелі өзгерістер болды. Бұл жылдар жер бетін түгел жайлаған пандемия, әлемдік экономиканың баяулауы, инфляциялық және логистикалық сын-тегеуріндер, геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық ахуалдың аса күрделі кезеңімен, сондай-ақ жылдар бойы жалғасқан ішкі экономикалық әрі саяси теңсіздіктерді еңсеру қажеттілігімен тұспа-тұс келді. Күрмеуі қиын, қордаланған түйт­кілдерге қарамастан,...

«Даму» Қоры өндірісті жаңғыртуға арналған «Өрлеу-лизинг» бағдарламасын іске қосты

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» ҚР Үкіметінің тапсырмасын орындау  мақсатында өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарын жаңғырту, техника мен жабдықтарын қайта жаңартуға арналған «Өрлеу-лизинг» атты жаңа бағдарламаны іске қосқаны жайлы хабарлайды. Жаңа құрал шағын және орта бизнестің жеңіл лизинг алуына мүмкіндік жасап, өндіріс қуатын арттыруға серпін береді. Бағдарлама аясында кәсіпкерлер 10 жұмыс күніне дейінгі мерзім ішінде қосымша кепілсіз заманауи жабдықтар сатып ала...

Қолжетімді баспана: Жетісуда 35 отбасы үйлі болды

Жетісу облысында 35 отбасы жаңа баспанаға ие болды. Атап айтқанда, жеке үйлер мен пәтерлердің кілті Талдықорған қаласы мен Көксу ауданының тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарына берілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.   Талдықорғанда әлеуметтік осал санаттағы 28 отбасы үйлі болды. Оларға бір, екі және үш бөлмелі баспана кілттері табысталды. Берілген тұрғын үйлер қаланың «Жастар-3» тұрғын үй алабынан,...

ҚҰРМЕТТІ РЕФЕРЕНДУМҒА ҚАТЫСУШЫ!

Егер Сіз 2026 жылғы 15 наурызда дауыс беру күні өзіңіздің тіркелген жеріңізден тыс жерге баратын болсаңыз, қалай дауыс бере аласыз?   Ол үшін 2026 жылғы 14 наурызда сағат 18:00-ге дейін Сіз өзіңіздің учаскелік комиссияңызға жазбаша өтінішпен жүгініп, жеке басыңызды куәландыратын құжатты ұсынуыңыз қажет. Комиссия Сізге есептен шығару куәлігін табыс етедi.   Есептен шығару куәлігін сенімхат негізінде өкіл арқылы да алуға болады. Сенімхатты нотариаттық...

Жетісуда әмбебап нысан – спорт залы бар мәдениет үйі ашылды

Алғыс айту күнінде Жетісу облысының ауылдық елді мекенінде тағы бір әлеуметтік нысан іске қосылды. Атап айтқанда, Ақсу ауданы Н.Есеболатов ауылында дене шынықтыру залымен біріктірілген 180 орындық жаңа мәдениет үйі ел игілігіне берілді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Шараға аудан әкімдігінің, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының өкілдері, жергілікті ардагерлер, жастар, ауыл тұрғындары қатысты. Ашылу салтанатында жаңа нысанның лентасы...