Үздік бөлімше – «Басқан»
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл шекара басқармасының «Басқан» шекара бөлімшесінде шекара шебінің бүтіндігін қырағы күзеткен оғландар жұмыс істейді. Басқандық шекарашылар жөнінде осылай деп айтуымыздың да реті бар. Оған бірнеше рет орын алған шекара тәртібін бұзған азаматтардың жолына тосқауыл болған оқиғалары куә.
Ірге тасының қаланғанына алпыс жылға жуықтаған «Басқан» шекара бөлімшесіне аға лейтенант Абдыхан Серікбай басшылық...
Талдықорғандықтар Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, «Абай оқуларын» өткізді
Талдықорғанда Абай күні өтті. Облыс әкімі Бейбіт Исабаев, зиялы қауым өкілдері, жастар, қала тұрғындары облыс орталығындағы Ұлы ақынның ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, салтанатты рәсім «Абай оқуларына» ұласты.
Атап өтсек, өткен жылы Талдықорғандағы Б. Римова атындағы драма театрының алдына Абай Құнанбайұлының ескерткіші қойылса, биыл тұңғыш рет ескерткіш алдында «Абай күні» ұйымдастырылып отыр.
Мерекелік шарада ардагерлер, жастар өкілдері, «Janr» әдеби клубының мүшелері Абайдың өлеңдерін, ақынға...
Демеу Жадыраев анасымен бірге Жетісу облысының әкімі сыйлаған жаңа үйге барды
Парижде өткен жазғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Демеу Жадыраев пен анасы Күлипа Бижанова Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев сыйға тартқан Жаркент қаласындағы жаңа үйге барды. Кеше облыс әкімі Күлипа Бижановаға Қазақстанның мақтанышына айналған батыр ұлды тәрбиелеп өсіргені үшін алғыс айтып, тұрғын үй кілтін салтанатты түрде тапсырған болатын.
Жаңа үй заманауи жиһаздармен, тұрмыстық техникамен толық жабдықталған. Бұл өз кезегінде Күлипа Бижанованың қолайлы...
Чемпион Демеу Жадыраевқа жерлестері құрмет көрсетті
Жетісу облысы Панфилов ауданында Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраевты жерлестері зор қуанышпен қарсы алды.
Франциядан елге оралған бетте туған жеріне арнайы атбасын тіреген даңқты палуан Жаркент қаласының орталық алаңында халықтың ыстық ықыласына бөленді. Кездесуге мыңнан астам халық жиналды. Спортшыны қарсы алуға Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, аудан әкімі Марат Сағымбек, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының күміс жүлдегері, палуан Нұрбақыт...
Шекарашылар ардагермен кездесті
Шекарашыларда аға буынның әскери ұжымдарға келіп, арнайы кездесулердің қонағы болып тұратын дәстүрі бар. Мұндай шараның тақырыптары да әртүрлі. Бірде мерекелерге арналса, бірде арнаулы күндерге бағытталады. Осындай бір тамаша салттың жалғасы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасында ұйымдастырылды.
Кезекті кездесудің қонағы «Застава тарландары» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жетісу облыстық филиалының төрағасы запастағы полковник НиколайМечетин.
Кеш...
Шекарашылар «Абай күніне» арналған шараға қатысты
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының ұйымдастырған“Абай күніне”арналған “Абай мұрасы - ұлттық құндылық” атты дәстүрлі мерекелік іс-шараға қатысты.
Бас ақынымыздың туған күніне арналған көлемді шара үш бөлімнен тұрды. Кітапхана алдындағы алаңдағы әдеби-музыкалық ашылу салтанатында Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып сөз сөйледі. Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының “Халық әні” кафедрасының доценті...
Барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілерінің қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 2)-тармақшасына, 47-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес, Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1.Талдықорған қаласының жергілікті бюджетінің есебінен қаржыландырылатын, меншікті нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, барлық білім беру ұйымдарының күндізгі оқу нысаны бойынша білім алушылары мен тәрбиеленушілеріне қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен тегін жол жүру құқығы берілсін.
2.Осы шешімнің орындалуын...
АЭС құрылысы бойынша ашық қоғамдық талқыланулар өтуде
Қазақстандағы атом электр станциялары (АЭС) еліміздің энергетикалық саясатының маңызды бағыттарының бірі. Болашақта Қазақстанда атом энергетикасын дамытудың бірнеше елеулі артықшылықтарын атап өткен жөн. Атом электр станциялары елді энергиямен қамтамасыз ету көздерін әртараптандыруға, көмір мен газға тәуелділікті азайтуға ықпал етеді. Атом энергиясы энергиямен қамтамасыз етудің тұрақтылығын қамтамасыз етеді, өйткені атом электр станциялары үздіксіз жұмыс істейді және ауа райы жағдайына тәуелді емес....
Талдықорған тұрғындарының өтініші бойынша «Найман төбе» зиратына бұрылатын жол төселді
Бұған дейін Талдықорған қаласының тұрғындары қаланың шығысқа шыға берісіндегі «Найман төбе» зиратына бұрылатын жолдың мәселесіне қатысты өтініш айтқан болатын. Тұрғындар бейіт басына бару үшін «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автокөлік жолының қайта жаңғыртудан кейін І санаттағы, 4 жолақты жол болуына байланысты Қапалға баратын жол айырығына дейін 20 шақырымдай жүріп барып бұрылатын. Сондықтан тұрғындар мұның өздеріне біршама қолайсыздық туғызатынын айтып,...
Жетісу облысындағы 12 ауылда жыл соңына дейін жаңа типті мәдениет нысандары салынады
Жетісу облысында шалғай ауылдарға қажетті мәдени нысандар блокты-модульді конструкциядан салына бастады. Мәселен, биыл 12 ауылда осындай клубтардың құрылысы жүргізілуде.
Тұрғындарының саны 1 мың адамнан аспайтын 12 ауылға блокты-модульді клубтар орнату үшін облыстық бюджеттен 1,7 млрд. теңге қарастырылған. Өткен жылы тәжірибе ретінде ең алғаш Ескелді ауданының Қоңыр ауылында БМК клубы тұрғызылса, биыл оған қоса Алакөл, Ескелді, Қаратал Көксу, Кербұлақ аудандарының ауылдарында...





























