ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің жеке құрамы Жетісу облысы «Айналайын» балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілеріне арнап сыйлықтар табыс етті. Бұл мерекелік шара шекарашылар мен балалар арасындағы жақын қарым-қатынасты нығайтып, оларды қуанышқа бөлеген күн болды.
Шекара сақшылары балалар дайындаған концерттік бағдарламаны ерекше ықыласпен тамашалады. Балалар өз өнерлерін көрсетіп, шекарашыларға алғыстарын білдірді. Олардың өнерлері шекара қызметкерлері үшін ұмытылмас сәтке айналды.
Өз кезегінде, балалар үйінің ұжымы шекарашыларға шексіз алғыстарын жеткізді. Бұл шара Жетісу облысындағы балалар мен шекарашылар арасындағы достықтың әрі ұжымдық рухтың нығаюына үлкен үлес қосты.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті