Көш керуен — кітапхана төрінде
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолдауымен «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланғандығы белгілі. Бұл жұмысшы мамандықтарды дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқор және нағыз маман болып қалыптасу идеясын насихаттауды көздейтін бастама.
«Жетісу облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бастамасымен аудан, қала кітапханаларынан бастау алған көш керуені «Талдықорған қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» коммуналдық мекемесіне қарасты Өтенай ауылдық № 5 кітапхана филиалында жалғасын тапты.
Өтенай...
Аналарға сый-құрмет көрсету — қастерлі парыз
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай Талдықорғандағы Бикен Римова атындағы драма театрында экономиканың әр саласында еңбек етіп, қоғам өміріне белсене атсалысып жүрген жетісулық 500 әйелді құттықтады. Соның ішінде тігінші, теміржолшы, кран жүргізуші, сауыншы, қолөнерші, электр механигі т.б. жұмысшы мамандар, сол сияқты мұғалімдер мен дәрігерлер, кәсіпкерлер, әлеуметтік қызметкерлер, көп балалы аналар, ардагерлер де бар....
Тағдыр мен еңбек тоғысқанда…
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің кадр бөлімі бастығының көмекшісі Жұмағыз Үсенова - адал еңбек пен қажырлы қызметтің айнасы. Тағдырын еңбекке, отбасына және Отанға қызмет етуге арнаған жан. Оның өмір жолы тек қызметтік міндеттерді орындау емес, рухани күш-жігердің, мақсатқа ұмтылудың жарқын үлгісі боларлықтай. Жұмағыз Мұсақызының балалық шағы Ресей Федерациясының Астрахань облысында өтті. Оның ата-анасы мұғалім болғандықтан, білімге...
Тағылымдамалар, тұрғын үй және гранттар: Қазақстанда жас ғалымдарды қолдау қалай жүзеге асырылады
«Ғылымды дамыту – еліміз үшін стратегиялық маңызы бар басымдық. Әсіресе дарынды, қабілетті жастардың ғылыммен айналысуына жағдай жасау өте маңызды», – деп атап өтті Мемлекет басшысы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңесте.
Ғылымды дамыту – Қазақстан үшін басты басымдықтардың бірі. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ғылыми зерттеулерді қаржыландыру ұлғайтылды, ғылыми ұйымдар жаңғыртылуда, сондай-ақ шетелде тағылымдамалар саны артуда, бұл ғылымды жастар үшін тартымды етеді және халықаралық ынтымақтастықты...
Үкімет отырысы: Тасқынға дайындықты күшейту керек
Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында мемлекеттік органдарға тасқынға дайындықты күшейтуді тапсырды.
— Су тасқыны кезеңінің басталуына да көп уақыт қалған жоқ. Әкімдер бұл мәселені ерекше бақылауға алуы қажет. Төтенше жағдай туралы халықты хабардар ететін барлық жүйелердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етіңіздер, — деді ол.
Үкімет басшысы әлеуметтік желілер мен БАҚ-та түсіндіру жұмыстарын күшейту маңызды екеніне де тоқталды.
— Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқынына...
Емханада пациенттердің құқығын кім қорғайды?
Кейде пациенттер дәрігер кабинетінен немесе қабылдаудан соң мәселенің байыбына жету үшін бірден Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына хабарласады. Олардың басым бөлігі емхана немесе ауруханада жұмыс істейтін Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне (ПҚІСҚ) сұрақтарын қойып, көмек ала алатындарын білмейді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында мәлімдегендей, мұндай қызметтер меншік түріне қарамастан медициналық ұйымдардың барлығында жұмыс істейді. (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауы
Қымбатты ханымдар!
Баршаңызды Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – сұлулық пен мейірімділіктің символына айналған шуақты мереке.
Халқымыз ежелден анасын ардақтап, қыздарын қадірлей білген. Көптеген аруларымыздың есімі төл тарихымызға алтын әріппен жазылған.
Қазір Қазақстанда әйелдер түрлі кәсіппен айналысып, бизнесте және қоғамдық қызметте зор табысқа жетіп жүр. Олар биік белестерді бағындырып қана қоймай, саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында аянбай еңбек етіп келеді.
Барлық әйелдердің...
Мемлекет басшысы 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент салтанатты іс-шараға жиналған барша қауымды көктем мерекесімен шын жүректен құттықтап, әлемге сүйіспеншілікпен қарайтын, жан-жағына жақсылық шарапатын сыйлап жүретін әйелдер қауымына жылы лебізін жеткізді.
– «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, бір қолымен әлемді тербетеді» деген сөз бекер айтылмаған. Әйел – шаңырақтың шырағы, ұлттың ұйытқысы. Ана – тіршілік пен берекенің бастауы, адамзат бойындағы бар ізгіліктің қайнар көзі. Ананың аялы алақаны мен...
Талдықорған қаласының әкімі тыл еңбеккерлері мен ғасыр жасаған әжелерді құттықтады
Бүгін Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында тыл еңбеккерлері мен ғасыр жасаған әжелерді арнайы құттықтап, шаңырақтарына барып, сый-сияпатын тарту етті. Бұл туралы қала әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Қала басшысы ең алдымен ғасыр куәгері Рашида Колупаева анамыздың шаңырағына барды. Бұдан соң, тыл еңбеккерлері Галина Саенко мен алтын құрсақты ана Сейілхан Қасенованың үйінде болып, жарық жүздесуінде...
Қазақстан гендерлік теңдік жолында: мемлекеттік қызметтегі басшылық лауазымдардың 39%-ын әйелдер атқарады
«Мемлекет гендерлік теңдікті сақтауға, әйелдер құқығын қорғауға және отбасы құндылықтарын нығайтуға әрдайым баса мән береді», – Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысының бастамасымен жетекші билік органдарында әйелдерге арнайы квоталар берілді. Нәтижесінде, Парламент пен мәслихаттардағы әйелдер үлесі артты, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.
Қазіргі кезде Парламентте 28 әйел депутат бар, бұл жалпы депутаттар санының 18,9%-ы. Мәслихаттарда әйелдердің үлесі – 22,7%-ға (3 415 депутаттың 774-і) жетті.
Мемлекеттің 21 министрлігінде, денсаулық сақтау,...




























