Үкіметте қалдықтарды басқару мәселелері қаралды
Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында қалдықтарды басқару мәселелері қаралды.
Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев пен өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев коммуналдық және өндірістік қалдықтарды басқарудың жай-күйі мен алдағы жоспарлар туралы баяндады. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов отын-энергетика кешені қалдықтарын басқару туралы айтты. Сондай-ақ Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков пен Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек...
А. Ертаев жұмыс сапарымен Жетісу облысына барды
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқарбек Ертаев Жетісу облысына жұмыс сапары барысында үкіметтік емес ұйымдармен, арнаулы әлеуметтік қызмет алушылармен және оларды ұсынатын ұйымдардың ұжымдарымен бірқатар кездесулер өткізді, сондай-ақ азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Вице-министрдің жұмыс сапары Талдықорған қаласының әлеуметтік мекемелерін аралаудан басталды. Асқарбек Ертаев «Асар» спорттық-оңалту, белсенді ұзақ өмір сүру, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына әлеуметтік көмек көрсету мен «Жанұя»...
Жетісу облысы: Бүгінде жатыр мойны обырымен 557 әйел есепте тұр
Әйелдердегі АПВ – бұл шырышты қабаттар мен теріні зақымдайтын кең таралған инфекция. Ол ұзақ уақыт бойы жасырын түрде ағзада «өмір сүруімен» қауіпті. Патологияның белгілері иммунитеттің төмендеуімен ғана байқалады.Қатерлі ісік қаупі жоғары адам папилломавирусы жатыр мойны обырының дамуының негізгі этиологиялық факторы болып табылады. 97% — да жатыр мойны обыры осы вируспен байланысты. Созылмалы вирус белгілі бір жағдайларда жатыр мойны обырының...
Татулықты ту еткен — «Наурыз – керуен»
Наурызнаманың онкүндігі аясындағы Ынтымақ күні облыс орталығы Талдықорған қаласында ерекше салтанатпен аталып өтті. Бұл күннің идеясы-жалпы халық бір-біріне деген сый-құрметтерін арттырып, татулық пен бірлік насихатталды. «Наурыз-керуен» шарасына облыс бойынша 3200-ден аса адам қатысты.
Қазақ халқы ежелден береке-бірлігін бекемдеп, ынтымағы мен татулығын ту еткен дана халық. Сондықтан бұл күн халқымыз үшін айрықша мәнге ие болмақ. «Самарқанның көк тасы», «тәңірлік тасы»,...
2,5% несиелер: «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға қалай көмектеседі
Ауыл шаруашылығы ел экономикасындағы басым салалардың бірі болып табылады. Ауылдық жерлерде Қазақстан тұрғындарының 38%-ы тұрады, бұл шамамен 7,6 млн. адамды құрайды. Кірістерді арттыру және жаңа жұмыс орындарын құру мемлекеттік саясаттың басым міндеттері болып табылады. Осыған байланысты, Президенттің тапсырмасы бойынша 2023 жылы іске қосылған «Ауыл аманаты» бағдарламасы көптеген адамдар үшін өз бизнесін бастауға, оны дамытуға, өз өңірінің дамуына үлес қосуға...
Талдықорғанда «Тазару» жалпыұлттық сенбілігі өтті
Наурызнаманың 10 күндігінің соңғысы тазалыққа бағытталған. Осыған орай облыс орталығында сенбілік өтіп, тазалық акциясы ұйымдастырылды. Оған Талдықорғандағы бірқатар мекеме өкілдері, қаланың коммуналдық қызметі мен еріктілерден жасақталған 1000-ға жуық адам қатысты.
«Акцияға жиналғандар негізінен Наурыз мерекесі өткен аумақты тазалады. Шараға 10-нан аса техника тартылып, қала аумағындағы саябақтар мен скверлер күл-қоқыстан тазартылды. Басты мақсатымыздың бірі – тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастырып, тазалыққа...
Еркін және Өтенай ауылының тұрғындары Наурыз мейрамын кеңінен атап өтті
Талдықорған төрінде әз-Наурыз мейрамы бүгін Өтенай және Еркін ауылдық округтерінде тойланды. Ұлыстың Ұлы мерекесі Наурызға арнайы ұйымдастырылған іс-шарада қала әкімі Ернат Бәзіл ауыл тұрғындары мен қонақтарын айтулы күнмен құттықтап, ақжарма тілегімен жалғады.
«Наурызбен бірге ырыс келеді» демекші, Ұлыстың ұлы күнін атап өтуге келген ауыл халқының қарасы қалың. Көңілдері де шат-шадыман. Ауа райы да ерекше жадырап, әуелеген ән айтылып, күмбірлеген күй...
Қалдықты қайта өңдеу: Бектенов ведомстволарға нақты 5 тапсырма жүктеді
ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов елімізде тұрмыстық және өндірістік қалдықтарды қайта өңдеу жұмыстарын тиімді үйлестіру мақсатында мүдделі ведомстволарға 5 нақты тапсырма берді.
— Бірінші, Экология министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп 1 қыркүйекке дейін қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасын әзірлеуді тапсырамын. Ол қалдықтарды басқару процестерін орталықтандыруға, барлық мүдделі тараптарды тартуға, цифрлық экономика моделін құруға бағытталуға тиіс.
Екінші, Экология министрлігі Өнеркәсіп қорымен және әкімдіктермен...
Наурыз мерекесі аталып өтілді
Наурыз мерекесі - тағылымдық мәні зор жалпыхалықтық мейрам. Рухани байлығымыз бен ұлттық колоритіміздің айқын көрінісі. Міржақып Дулатұлы «Мұсылман жұрттарына ортақ, жылына екі рет келетін Ораза, Құрбан айттарын есепке алмағанда, бізде жалғыз мейрам бар, ол – Наурыз. Қыс бойы ақ кебінін жамылып, өлім төсегінде жатқан табиғаттың, жанды-жансыздың тірілуі кімнің болса да, көңіліне шаттық беретіні анық болса, тіршілік жағынан қыстың өтуіне,...
Кене энцефалитінен сақтаныңыз
Күн жылынды деп қуана бастаймыз, бірақ көктем-жаздың да адам мен мал үшін өзіндік зиянкестері бар екенін ескерген жөн. Күннің жылына бастауымен олар да бас көтере бастайды. Соның ішінде кенелердің белсенділігі артатын шақ осы. Оның адам мен малды шағуы кене энцефалиті, кене сүзегі, кене боррелиозы, геморрагиялық қызба секілді қауіпті жұқпалы ауруларды туғызуы мүмкін. Кене энцефалиті турасында Жетісу облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау...





























