Құқық бұзушылықтардың алдын алу жылы: азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша ІІМ шаралары
Ішкі істер министрлігі жүйелі түрде азаматтардың құқықтарын қорғауға бағытталған заңнамалық және ұйымдастырушылық шараларды қабылдап, сондай-ақ қоғамда "Заң мен Тәртіп" қағидатын нығайту бойынша жұмыстарын жалғастыруда
Қазіргі заманғы цифрлық шешімдерді белсенді пайдалану, жастардың құқықтық санасын қалыптастыруға бағытталған ауқымды жұмыстар, сондай-ақ ішкі істер органдарындағы кадрлық әлеуетті арттыру қылмыс пен құқық бұзушылықтардың алдын алу ісінде маңызды рөл атқарды.
2025 жылдың басынан бастап республика бойынша тәртіп...
Аталар ерлігіне мың тағзым
Әлемнің 60-тан астам мемлекетін шарпып, 70 миллионнан астам адамның өмірін қиып кеткен екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына биыл 80 жыл толып отыр. Соғыс жүрген 1418 күнде майдан алаңына Қазақ КСР-нан 1,2 миллионнан астам сарбаз барған. Майданға аттанған қазақстандықтардың жартысы елге оралған жоқ. Ерліктері үшін 499 қазақстандық марапатталса, олардың ішінде 99-ы Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы атағын алды. Сондай-ақ, 142 қазақстандық...
Саз өнерінің саңлағы
Композитор, дирижер, КСРО халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Халық қаһарманы Нұрғиса Тілендиевтің туғанына 100 жыл толды. Нұрғиса Атабайұлы «Алтын таулар» операсының, «Достық жолымен» балетінің, «Ортеке» балет-поэмасының, «Менің Қазақстаным» кантатасының, оркестрге арналған «Ата толғауы», «Ақсақ құлан», «Аққу», «Арман», «Махамбет», «Көш керуен» поэмалары мен «Халық қуанышы», «Қайрат», «Жеңіс салтанаты» атты кіріспелердің, 400-ге тарта ән мен романстың авторы. 50-ден астам...
Жетісу облысына – үш жыл: газдандандырылған елді мекендер саны 5-тен 63-ке жетті
Облыс құрылғанға дейін Жетісу өңірінде небары тек 5 елді мекен газдандырдырылған болса, соңғы үш жыл ішінде тағы 58 елді мекенге табиғи газ жеткізілді. Сөйтіп облыста бүгінгі күні 63 елді мекенге газ тартылды, соның 30-ы өткен жылы көгілдір отынға қол жеткізді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жалпы, газдандыру – Президенттің тапсырмасына сәйкес облыс басшылығы ерекше мән беріп отырған басым...
Талдықорғанда «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері құрметтелді
Талдықорған қаласы бойынша 6 мыңдай көпбалалы ана бар. Бүгін олардың қатары тағы да толықты. Салтанат сарайында Талдықорған қаласының әкімі Ернат «Алтын алқа» және «Күміс алқаға» лайықты көпбалалы 27 ананы қабылдап, арнайы марапаттады.
– Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер. Сіздер...
Тұрғынның қырағылығы мен полицейлердің жедел әрекеті жас жігіттің өмірін сақтап қалды
31 наурыз күні Текелі қаласында жергілікті тұрғынның қырағылығы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрекеттері 22 жастағы Тимур Абдулиннің өмірін сақтап қалуға көмектесті. Ес-түссіз жатқан жігіт қаладағы кешендердің бірінің жертөлесінен табылған.
Кешкі уақытта үйіне қайтып келе жатқан қала тұрғыны «Жетісу Резорт» кешенінің маңында танысы Тимурдың көлігін байқап қалады. Онымен амандаспақ болып ішке кіргенде, оны таба алмайды. Телефон соққанымен, жауап ала алмайды. Алаңдаған...
Педагогтар буллингтің қалай алдын алады?
Облыстағы педагогтар шебер-класс алаңында бала тәрбиесі ісіндекездесетін қиындықтарды шешу жолдарын қарастырды.
Аудан мен қалалардан іріктелгенмектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, педагог-ұйымдастырушы мен сынып жетекшілерішебер–класс алаңындақұқықбұзушылық, буллинг мәселелері талқылады. Нәтижесінде үздік тәрбие жұмысын көрсеткен топтар анықталды.
“Мұнда құқықбұзушылықтың алдын алу, ата-ананың белсенділігін арттыру, оқушыға кәсіби бағдар беру, көшбасшылық қасиетін қалыптастыру, буллинг мәселелелерін педагогтар өзара талқыға салды. Шебер-класс...
Білім беру платформалары белсенді түрде енгізілуде
Бүгінгі күнде Талдықорған қаласы бойынша білім бөліміне қарасты 105 білім беру мекемелері қызмет етеді. Олардың 27-сы жалпы орта білім беретін мектептер, 5 қосымша білім беру мекемесі, 1 Кешкі (ауысымды) мектеп, 72 мектепке дейінгі мекемелер.
Талдықорған қаласы бойынша тұрғылықты жеріне қарамастан әрбір оқушының сапалы білім алуы үшін қолайлы, қауіпсіз және жайлы жағдайлар жасауға бағытталған тұрақты мемлекеттік саясат қалыптастырылды. Бұған соңғы жылдары...
Жетісу өңірінде құрылыс материалдары мен өнеркәсіптік аккумулятор шығаратын жаңа зауыттар жұмыс істей бастайды
Талдықорғанда автоклавты қатайтатын газбетонды блоктар өндірісі қолға алынады, сол сияқты өнеркәсіп аккумуляторларын шығаратын жаңа зауыт іске қосылады. Бұл жобалар жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылады. Қала кәсіпорындарын аралауы кезінде облыс әкімі Бейбіт Исабаев осы және басқа да нысандардың құрылысы мен іске қосу-жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Аралау барысында алдымен «Қайнар-АКБ» ЖШС өнеркәсіптік аккумуляторлар шығаратын жаңа зауытта...





























