Талдықорғанда  «Алтын алқа» мен «Күміс алқа» иегерлері құрметтелді

83

Талдықорған қаласы бойынша 6 мыңдай  көпбалалы ана бар. Бүгін олардың қатары тағы да толықты. Салтанат сарайында Талдықорған қаласының  әкімі Ернат «Алтын алқа» және «Күміс алқаға» лайықты көпбалалы  27 ананы қабылдап, арнайы марапаттады.

– Қазақ халқы әрқашан отбасылық құндылықтарды жоғары қойған. Әсіресе, алтын құрсақты аналарды халқымыз ерекше қадірлейді. Отбасының алтын діңгегі болып, тағылымды тәрбие, ізгі дәстүрлер сабақтастығын жалғап жүре беріңіздер. Сіздер еліміздің демографиясының өсуіне, халық санының көбеюі мен ұрпақ тәрбиесіне елеулі үлес қосып келесіздер. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын. Болашақтың тізгінін ұстар балалардың өмірі жарқын болғай! – деген қала басшысы аналарға салтанатты түрде алқаларын табыстады.

 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 4 наурыздағы Жарлығымен  көпбалалы талдықорғандық 27 ана марапатқа ие болды. Солардың арасында  Дана Жеңісқызының отбасында 5 қыз, 2 ұл тәрбиеленуде. Үлкені Аяулым университет студенті болса, кішкентай Мариям бір жарым жаста. Тағы бір «Алтын алқа» иегері Әйгерім Жанпейісова 4 ұл мен 3 қыздың анасы. Қала әкімінің қолынан алып жатқан марапатқа зор ризашылықтарын білдірді.

                                                               Суретті түсірген: Олжас Құрмашев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз