22.1 C
Taldykorgan, KZ
Вторник, 28 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 292

Жетісуда «Жеңіс эстафетасын» қарсы алу салтанаты өтті

ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің шекарашылары  Шекара қызметінің Абай облысы бойынша департаментінен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс эстафетасын» қабылдап алды. Бұл туралы 7-su.kz желілік басылымы El.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Маңызды іс-шара Абай облысының Аягөз қаласында ұйымдастырылып, Жетісу облысы, Үшарал қаласында жалғасын тапты. Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабаралуынша, салтанатты шараға тұрғындар да ат салысты. Жиналған қауымға З.Қойшыбаева атындағы Мәдениет үйі өнерпаздарының...

ҚР Президентінің кеңесшісі Жетісу облысына жұмыс сапарымен келді

Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев Жетісу облысына жұмыс сапарымен келіп, облыстың Полиция департаментінде жеке құраммен кездесті. Кездесуге Жетісу облысы әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, құқық қорғау, төтенше жағдайлар және әскери құрылымдардың өкілдері қатысты. Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда қойған талаптарын жеткізіп, қоғамда «Заң мен тәртіп» қағидасын орнықтырудың маңыздылығын атап өтті. Сапар барысында Президент кеңесшісі Жедел басқару орталығының жұмысымен танысып, Полиция департаментінің музейін аралады....

Ұлттық идеологияның бастауы – ұлт әдебиеті

Жетісу облысына арнайы жұмыссапарымен келген  ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік ОТАРБАЕВ әуелі облыстық полиция департаментіне  бас сұғып, жеке құраммен кездесті. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов, құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар және әскери құрылымдардың өкілдері қатысты. Жиын барысында Мәлік Нұржанұлы Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтай отырысында қойған талаптарын жеткізіп, «Заң мен тәртіп» қағидасы төңірегінде әңгіме өрбітті. Кездесуде кеңес төрағасы, полиция ардагері Ерлан Сансызбаев сөз...

Жалпыоблыстық сенбілік өтті

Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылып, 3000-ға жуық адам белсенді түрде қатысты. Тазалық шарасына облыс әкімі Бейбіт Исабаев және қала әкімі Ернат Бәзіл, облыстық басқармалар, жастар саясаты саласының өкілдері, білім беру мекемелері мен мердігер ұйымдар, қала тұрғындары қатысты. Ернат Дүйсенбекұлы  «Шаhарды  көгалдандыру мен абаттандыруға баршамыз жауаптымыз. Зәулім ғимараттарымен көз тартар сүйікті қаламыздың тазалығына әрбір тұрғын өз үлесін қосуы...

Азаматтардың ерлік ісі ұмытылмайды

1986 жылдың 26 сәуірі күні Чернобыль қаласындағы Атом электр станциясында  жойқын жарылыс тіркеліп, мыңдаған адам мерт болды. Ғалымдардың зерттеуінше радиоактивті түтін  ондаған мемлекеттің 145 мың шаршы шақырым жерін ластап, 5 миллиондай адамның денсаулығына әсер етті. Апат зардабын жоюға қатысқан 800 мыңнан астам адамның  32 мыңы қазақстандық еді. Өкініштісі, оқиғаның салдарынан көптеген азамат өмірден өтіп, бірқатары  мүгедек болып қалды. Чернобыль...

Мемлекеттік тіркеуге жататын өнім жарнамасы туралы не білу керек?

Қазіргі нарық жағдайында өнімнің сапасымен қатар, оның адам денсаулығына қауіпсіздігіне де ерекше көңіл бөлінеді. Осындай қауіпсіздікті растаудың бір жолы – Еуразиялық экономикалық одақ аумағында бекітілген санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкестігін бағалау арқылы жүзеге асатын мемлекеттік тіркеу рәсімі. Мемлекеттік тіркеуге белгілі бір түрдегі азық-түлік және азық-түлік емес (тұтыну) тауарлар жатады. Мемлекеттік тіркеуге жататын азық-түлік өнімдеріне мыналар кіреді: арнайы мақсаттағы өнімдер (балалар тағамы, соның ішінде...

Безгек және оның алдын алу

Безгек – бұл анемия және көкбауырдың ұлғаюымен сипатталатын паразиттік тропикалық ауру. Безгектің 4 түрі бар: тропикалық, үш күндік, төрт күндік және сопақша безгек. Ең ауыры - тропикалық. Безгек ауру адамнан сау адамға аналық масалардың қан соруы кезінде беріледі. Инфекция берілуінің тағы екі жолы бар - қан құю кезінде және құрсақішілік, безгекпен ауыратын әйел туылмаған баласын жұқтырған кезде. Безгек масаларының шағуы кезінде адам...

 Талдықорғанда  60 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді

  Баспана кезегінде тұрған Талдықорған  қаласы тұрғындарының мәселесі оңынан шешіле бастады.  Ұлы Жеңістің 80 жылдығы, Отан қорғаушылар күні қарсаңында пәтер алуды армандаған, баспана мұқтаж   60 отбасының арманы  орындалды. Қаланың «Бірлік» шағын ауданында пайдалануға берілген үйдің 15-і – бір бөлмелі, 15-і – екі бөлмелі, 30-ы – үш бөлмелі пәтерлер. Жаңа пәтерге қол жеткізіп, қоныс тойын тойлаған отбасылардың қуаны-шына қала басшысы Ернат...

Қазақстанда «Батырларға тағзым» атты бірегей онлайн-портал іске қосылды

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақстандық майдангерлерді еске алу мақсатында «Батырларға тағзым» (https://batyrlarga-tagzym.kz/ru/) атты бірегей онлайн-порталын іске қосты. Жобаның мақсаты – Ұлы Жеңіске өлшеусіз үлес қосқан қазақстандықтардың ерлігі мен жанкештілігі туралы болашақ ұрпаққа құнды ақпараттарды жеткізу. Порталда кең көлемді мәліметтер базасы бар. Сайтта қазірдің өзінде 677 мыңнан астам соғыс ардагері, оның ішінде 365 Кеңес одағының батыры, 4 екі...

Бастысы  — жемқорлық тәуекелдерін жою

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресу бірінші кезектегі міндеттер қатарына көтерілді.  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Саян Ахметжанов үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстары турасында көшпелі баспасөз мәслихатында айтып берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің жұмысы халық үшін ерекше мән берілетін салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және бюджетке залал келтірмеуге бағытталған.  Ағымдағы жылдың І тоқсанында сыбайлас...