Бастысы  — жемқорлық тәуекелдерін жою

391

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресу бірінші кезектегі міндеттер қатарына көтерілді.

 ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы Саян Ахметжанов үстіміздегі жылдың 1-тоқсанында атқарылған жұмыстары турасында көшпелі баспасөз мәслихатында айтып берді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы департаментінің жұмысы халық үшін ерекше мән берілетін салалардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюға және бюджетке залал келтірмеуге бағытталған.

 Ағымдағы жылдың І тоқсанында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасындағы 9 саланың 6-уы қамтылған. Мәселен, экология саласында пайдалы қазбаларды заңсыз өндіруге қатысты 19 әкімшілік айыппұл салынды. Білім беру саласында  тәуекелдерді азайту мақсатында алдын алу шаралары қабылданды. 2025 жылдың наурыз айында «Фаворит» АЖ әзірлеушілерімен бірлесіп мектеп қызметкерлерінің жұмысқа қатысуын тіркейтін QR-код функционалы бар мобильді қосымша енгізілді.Бұл функционал оқытушылардың нақты жұмыс уақыты мен қатысуын автоматты есепке алуды қамтамасыз етеді, нәтижесінде артық төлемдер мен «өлі жандардың» болуы тәуекелдері жойылады. Талдықорған қаласындағы №18 мектепте 26 наурыздан бастап пилоттық режимде сынақтан өтуде. Әлеуметтік қамсыздандыру саласында мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту квоталары 2023–2024 жылдары тиісті талдаусыз, төмен мөлшерде белгіленгені анықталды. Биыл бұл квота

230 кәсіпорында 633 орынға дейін ұлғайтылды. «Бизнеске жол» жобасы аясында бірінші тоқсанда 2 388 кәсіпкердің құқығы қорғалды. Ал «Мемлекеттік сатып алулар» мониторингі нәтижесінде бірінші тоқсанда 658 млн теңге үнемделді.  Өңірдің сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасы аясындағы жұмыс жалғасатын болады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз