Талдықорғанда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік ұйымдастырылып, 3000-ға жуық адам белсенді түрде қатысты.
Тазалық шарасына облыс әкімі Бейбіт Исабаев және қала әкімі Ернат Бәзіл, облыстық басқармалар, жастар саясаты саласының өкілдері, білім беру мекемелері мен мердігер ұйымдар, қала тұрғындары қатысты. Ернат Дүйсенбекұлы «Шаhарды көгалдандыру мен абаттандыруға баршамыз жауаптымыз. Зәулім ғимараттарымен көз тартар сүйікті қаламыздың тазалығына әрбір тұрғын өз үлесін қосуы тиіс. Тек орталықта ғана емес, қала аумағында орналасқан елдімекендерде де тазалық шарасы өтуде»-деді. Сенбілік барысында Қаратал өзенінің жағалауы, аулаішілік жолдар, барлық саябақтар мен скверлерде санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Тазалық жұмыстарына 30 жүк көлігі мен қоқыс тиегіш техника тартылып, 1000 дана шаруашылық құрал-жабдық ұсынылды. Экологиялық акция барысында шаһар аумағынан 250 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.





























