-3.4 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 3 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 285

Жетісу облысында 47 пайыз қант қызылшасы жиналды

Өңірде тәтті түбірді 597 шаруашылық 13 700 гектар алқапқа екті. Ал одан 615 мың тонна өнім алу жоспарланып отыр. Бүгінгі күнге дақылдың 47 пайызы жиналып, 303 мың тонна өнім алынды. Жиналмаған қызылшаның көлемі 7,2 мың гектар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев Б. Құранбек атындағы Журналистер үйінде БАҚ өкілдерімен кездесуде мәлімдеді. Жетісу облысында Көксу қант зауыты қызылша қабылдауды...

Жетісулық шекарашы сарбаздармен көрсетілім сабағы өтті

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл аулданы бойынша шекара басқармасының Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінде «Күз-2024» мерзімді әскери қызметшілерімен көрсетілім сабағы өтті. Әскери өмірге алғашқы қадам жасаған сарбаздарга «ҚР ҰҚК Шекара қызметінің қалыптасуы және даму тарихы» тақырыбында дәріс оқылды. «Әскери қызметшілерді орналастыру және ішкі тәртіп», «Мерзімді қызмет сарбаздарының әскери тамақтануы, заттай және ақшалай үлесі туралы жалпы ережелерді зерделеу» тақырыптарында сабақ өтті. Әскери плацта сарбаздарды...

Жетісуға ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ансамблінің концерті келді

Шекараға жақын орналасқан аудан жастарын отансүйгіштікке тәрбиелеу мен әскери қызметтің имиджін арттыру мақсатында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына ҚР ҰҚК Шекара қызметі Ансамблінің өнер ұжымы концерттік бағдарламамен келді. Ән мен күй, бимен көмкерілген шараны Үшарал қаласында орналасқан шекара сақшылары мен Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасы Техникалық және кәсіби даярлық бөлімінің “Күз-2024” сарбаздары...

«Сардар» әскери-спорттық ойыны  батырлар ерлігіне арналды  

Талдықорған «Білім-инновация» лицей-интернатында батыр тұлға Рақымжан Қошқарбаевтың және армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың  туғанына 100 жыл толуына орай «Сардар» әскери-спорттық ойыны өтті. Бұл туралы Жетісу гарнизонының баспасөз қызметі хабарлайды.      «Сардар» әскери-спорттық ойынға 9-10-11 сынып оқушылары арасынан алты команда қатысты. Әскери-спорттық ойыны үш кезеңнен құралды. Бірінші АК-74 автоматын жартылай бөлшектеу және жинау, екінші пневматикалық мылтықтан дәлдікке ату және үшінші эстафета.  ...

Жетісуда тазалық шаралары жалғасып жатыр

Жетісу облысы бойынша 6 сәуір мен15 қазан аралығында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында  экологиялық акцияларға жалпы 205 мыңнан астам адам атсалысты. Облыс бойынша «Киелі мекен», «Қызыл тас – тасбақа», «Таза кәсіп - Таза аймақ», «Жинаquest» экологиялық акциялары мен «Таза аула, таза көше» байқауларыұйымдастырылды. Эко-шараларғаоблыс тұрғындары, кәсіпорындар мен мекеме қызметкерлері, волонтерлер, жастар, шағын және орта бизнес, медицина, білім, мәдениет және спорт  саласының өкілдері...

ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілді

ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау процесінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған ҚАЗТЕСТ тестілеуін өткізудің жаңа қағидалары бекітілгенін хабарлайды.   ҚАЗТЕСТ тестілеуін қағаз және электронды форматта тапсыруға болады. Диагностикалық тестілеудің ұзақтығы 1 сағат 10 минут, сертификаттық тестілеу үшін 2 сағат 7 минутты құрайды. Тест «Тыңдалым» бөлігі бойынша 20 тапсырмадан, «Оқылым» бөлігі бойынша 40 тапсырмадан, «Жазылым» бөлігі...

Жетісуда «Қазақстан халқына» қорының қаражатына шекара маңындағы ауылда спорт залы салынды

Жетісу облысында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен жаңа спорт нысаны қолданысқа берілді. Заманауи спортзал Панфилов ауданы Көктал ауылында есігін айқара ашты. Нысанның ашылу салтанатына Бейжіңде және Парижде өткен Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері Демеу Жадыраев пен Нұрбақыт Теңізбаев қатысты. Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметіне қарағанда, ауылдық елді мекендерде спорт объектілерінің қажеттілігін азайту бағытындағы жұмыстар шеңберінде өңірде «Қазақстан халқына»...

Білімгерлер студент қатарына қабылданды

І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде  «Welcome to Zhetysu university» атты 1 курс білімгерлерін студенттер қатарына қабылдау кеші өтті. Алғаш рет заманауи форматтағы студенттер қатарына қабылдау кеші ашық алаңда тойланды. Алаңда республикалық концерт өткізетін сахна тігілді. Шараға Жетісу облысы мәслихатының төрағасы Гүлнар Тойлыбаева  қатысып, университет табалдырығын аттаған студенттердің білім жолына сәттілік тіледі. Университеттің әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев ...

Талдықорған қаласы әкімдігі футзалдан «Kyzmet CUP — 2024» турнирінің жеңімпазы атанды

«Жастар» спорт сарайында мемлекеттік қызметшілер арасында футзалдан «Kyzmet CUP - 2024» турнирінің финалдық кезеңі өтті. Финалдық ойынға Жетісу облысының әкімдігі, Ақсу, Текелі және Талдықорған қаласының әкімдігінің командалары өтіп, өзара мықтыны анықтады. Тартысқа толы турнирдің қорытындысы бойынша ІІІ-орынды Жетісу облысының әкімдігі алса, ІІ-орынды Текелі қаласының әкімдігі місе тұтса, ал турнир жеңімпазы Талдықорған қаласының әкімдігі атанды. Айта кетейік, турнир ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...

Талдықорғандық «Үздік балабақшаның» толайым табысы

Ұстаздар мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған  облыстық «Үздік балабақша»  байқауына Жетісу өңірінің қалалары мен аудандарында  үздік деп танылған мектепке дейінгі  ұйымдар қатысқан еді.  Бұл аталмыш байқау 2 кезеңде өтті. Бірінші кезеңде балабақшалар таныстыру мен жұмыс тынысы туралы бақ сынасса, екінші кезеңде тиімді әдістемелер мен озық технологияларды, тәжірибеде жеткен жетістіктерін ұсынды.   Облыс бойынша қатысқан 10 мектепке дейінгі тәрбие  ошағынан ішінен сайыста Талдықорған қаласындағы ...