16.6 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 11 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 284

Еуропалық иммундау апталығы

2025 жылдың 27 сәуір мен 3 мамыр аралығында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша Еуропа аймағында, соның ішінде Қазақстан Республикасында «Барлығы үшін иммундау – адамның қолынан келеді» ұранымен Еуропалық иммундау апталығы өткізіледі. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы иммундау мәселелеріне назар аударту үшін  Еуропалық иммундау апталығын 2005 жылдан бастап жүргізуде. Бұл шара жыл сайын сәуір айының аяғында, тұрғындардың ақпараттандыру деңгейін жоғарылату...

Бір үзік сыр

Сұрапыл соғыстың зардабын шекпеген отбасы жоқ шығар?! Ардагерлер – соғыс шежіресі. Бүгінгі жас ұрпақ үшін Ұлы Отан соғысы деректі фильм сияқты. Оларға ол – өткен тарих. Мен сол сұрапыл, қан майданнан қайтпағандардың немесе ардагерлердің есімдерін «алтын әріппен» жазылған киеге теңер едім. Сұрапыл соғысты өз көзімен көріп, Отан алдындағы борышын майданда адал атқарған асқар таудай әкем Мырзахан Мұхамедиұлының ерлігін кейінгі...

ОТАН ҮШІН ОТ КЕШКЕН

Біз  жыл сайын Отан үшін от кешкен нар тұлғаларды ұлықтауымыз, оларды ұмытпауымыз керек. Соның ішінде 28-панфиловшылардың ерлігін еске алу, Мәскеу үшін болған қиян-кескі шайқаста өмірін Отан үшін қиған батырларды дәріптеуіміз қажет. Осы ретте жетісулық Асқар Қожабергенов Кеңес Одағының батыры, 28 гвардияшы  панфиловшы  батырлардың  бірі екенін  айрықша атап өткіміз келеді.  Асқар Қожабергенов туралы «Герой Советского Союза 1975» кітабында: «Ол Алматы облысы,...

Нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын алу

2025 жылдың 31 наурыз күні нашақорлық пен есірткі бизнесінің алдын-алу және оған қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты үйлестіру жөніндегі Жетісу облысының өңірлік ведомствоаралық штабының 1-ші отырысы өткізілді.                   Штаб отырысына облыстың ведомствоаралық комиссия мүшелері, мемлекеттік органдардың басшылары, басқарма басшылары және аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары  қатысты. Отырыстың күн тәртібінде 2024 жылдың қорытындысы бойынша профилактика және ақпараттық түсіндіру жұмыстары туралы және                               2025 жылдың...

Жетісу облысында 1-сыныпқа  12 мыңнан аса бала  қабылданады

Оқушыларды мектепке қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Құжаттар электронды egov.kz арқылы және қағаз жүзінде беруге болады. Жетісу облысында биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірден басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Бұл туралы Жетісу облысы білім басқармасы...

Жүректегі естеліктер жаңғырды

Жеңістің 80 жылдығына орай Текелі қалалық кітапханасының №2 филиалында «Жүректегі естеліктер» тақырыбында мектеп оқушыларына арналған тағылымды іс-шара өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Ұлы Отан соғысының тарихын таныту, жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу, оларға ерлік пен батырлықтың мәнін ұғындыру. Кітапханашылар Нұрсәуле Махамбетова мен Әсел Байділдаева алдымен оқушыларға Екінші дүниежүзілік соғыстың тарихы, қан майдандағы ата-бабаларымыз көрсеткен ерліктің үлгісі, тылдағы еңбеккерлердің жеңісті жақындатуға қосқан...

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» экологиялық фестивалінде сөз сөйледі

Президент өз сөзінде бүгінгі жиынның маңызына тоқталып, «Тазалық» фестивалі өте тағылымды іс-шара екенін айтты. – Осыдан бір жыл бұрын бәріміз бір ел болып «Таза Қазақстан» жобасын бастадық. Мен, ең алдымен, осы жалпыұлттық бастамаға алғашқы күннен бастап белсене қатысып жатқан әр азаматқа шын жүректен ризашылығымды білдіремін. Әсіресе, солардың қатарында өздеріңіз сияқты жалынды әрі дарынды жастарымыз өте көп. Сіздер еліміздің әр аймағында...

Жетісулық экоактивист Мемлекет басшысының қолынан марапат алды

Бүгін, 21 сәуір күні Астана қаласында өткен республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық фестиваліне Жетісу облысының атынан қатысқан делегацияның құрамында Қызайбай Ақерке Досымханқызы ерекше көзге түсті. Ақерке – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша 2 курс студенті, Жетісу облысы бойынша Қазақстан студенттері Альянсының төрайымы және облыстық студенттік омбудсмен. Ол «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Жетісу облысында...

Экофестиваль қорытындысы: экологиялық бастамаларға әрбір үшінші қазақстандық қатысты

2025 жылғы 21 сәуірде Астанада Мемлекет басшысының қатысуымен экофестиваль өтті, оның аясында инновациялық экологиялық жобалар мен стартаптарды көрсету үшін көрме және интерактивті аймақтар ұйымдастырылды. Қалдықтарды қайта өңдеу бойынша «Қалдықтардың екінші өмірі» атты 7 көрме аймағы құрылды. Мысалы, Kazstonebox жобасы экологиялық және суға төзімді материал – тас қағаздан жиһаз бен қалдықтарды бөліп жинауға арналған контейнерлер шығарады. Бұл өнімдер төзімді, ылғалдан қорықпайды, бастысы...

23 сәуір — Ұлттық кітап күні. Қалам мен парақтың ғажайып әлемі  

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Үкімет қаулысына толықтырулар енгізіліп, «23-сәуір – Ұлттық кітап күні» болып бекітілді. Аталмыш мереке Мемлекет басшысының үшінші Ұлттық құрылтайдың негізгі сессиясында берген тапсырмасына сәйкес пайда болды. Мұндағы мақсат – қоғамда оқу мәдениетін қалыптастырып, озық ойлы мемлекетке айналу. Оның ең төте жолы кітап оқу десек, кітап оқуға ынтаны арттыру үшін қабылданып жатқан шараның ықпалы...