Оқушыларды мектепке қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірден басталып, 31 тамызға дейін жалғасады. Құжаттар электронды egov.kz арқылы және қағаз жүзінде беруге болады.
Жетісу облысында биыл бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірден басталып, 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Бұл туралы Жетісу облысы білім басқармасы басшысының орынбасары Қасымов Қайрат Саханұлы БАҚ өкілдерімен өткен жиын барысында айтып берді.
-1 сыныпқа алты жасар және биылғы жылы 6-ға толатын балалар қабылданады. Жетісу облысында 2025-2026 жылы 1 сыныпқа шамамен 12 мыңнан астам бала қабылдау жоспарланып отыр. Бүгінгі күні облыс бойынша 5656 баланың құжаттары қабылданды.
Ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлға баланың құжаттарын egov.kz немесе қағаз түрінде тапсырады. Мектепке қабылдау мектептердің сыйымдылығына қарай жоспарланып, қабылданады,-дейді.
Жалпы білім беретін орта мектепке қабылдауға қажетті құжаттар тізімі:
1)ата-ананың немесе заңды өкілінің өтініші;
2) №065-у нысанындағы денсаулық жағдайы туралы анықтама және №052-2/у нысанындағы баланың денсаулық паспорты;
3)өлшемі 3х4 см сурет (2 дана)
Шетел азаматтары үшін:
Ата-аналар немесе басқа заңды өкілдер Қазақстанда уақытша немесе тұрақты тұруы керек. Шетелдіктер мектепке Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығы туралы және тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы құжаттарды ұсынуы керек.
Өтініш демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады. Егер де қосымша сұрақтарыңыз болса, білім басқармасының 87282-329412 байланыс телефонына хабараласуға болады.





























