Қазақстанда 12 мамырдан бастап репродуктивтік денсаулық апталығы басталды
12–16 мамыр аралығында елімізде репродуктивтік денсаулық апталығы өтеді — бұл кең ауқымды ақпараттық-ағартушылық науқан Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен ұйымдастырылды.
Жобаның негізгі әріптестері — Денсаулық сақтау министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік емес ұйымдар.
Жоба халықтың репродуктивтік денсаулығы, инфекциялық аурулардың профилактикасы, отбасы жоспарлау және жауапты...
Жетісу облысында «GreenSteppe» экологиялық акциясы өтті
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Текелі қаласында жастардың қатысуымен «GreenSteppe» атты экологиялық акциясы өтті.
Іс-шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және жастарды экологиялық бастамаларға белсенді түрде тарту. Бағдарлама аясында қаланың туристер жиі баратын табиғи аумақтарында қоқыс уақыт-уақытымен жиналып, негізгі демалыс орындары мен маршруттар қамтылды. Акция барысында жоспарлы түрде бірнеше аумақты тазалауды көзделген.
- Бүгін біз...
Қазақстандық оқушылар APhO-2025 Азия физика олимпиадасында бірден 8 медаль жеңіп алды
2025 жылғы 4–12 мамыр аралығында Сауд Арабиясының Дахран қаласында 25-ші Азия физика олимпиадасы (APhO-2025) өтті. Беделді халықаралық додаға 30 елден 240-қа жуық мектеп оқушысы қатысты.
Қазақстан құрамасы 100% нәтиже көрсетті — барлық сегіз қатысушы да жүлдегер атанып, төрт күміс және төрт қола медаль жеңіп алды.
Сонымен қатар Астана қаласындағы NurOrda мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Нұргүл Егенбергенова олимпиадаға қатысушы ең үздік қыз бала...
Қазақстанда 25 мыңнан астам агроқұрылым мақта шаруашылығымен айналысады
Мақта шаруашылығы – Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешеніндегі маңызды салалардың бірі. Бұл сала халықты жұмыспен қамтуға және өңдеу өнеркәсібін дамытуға елеулі үлес қосып отыр.
Мақта егілетін негізгі алқаптар Түркістан облысында орналасқан. Мұнда 25 мыңнан астам ауыл шаруашылығы құрылымы жұмыс істейді, оларда шамамен 70 мың адам еңбек етеді.
2024 жылы мақта егісінің көлемі 106,4 мың гектарды құрап, гектарына 28,3 центнер өнім алынған. Нәтижесінде 301,7...
Ана — өмір шуағы
Бүгін Жетісу облысы ҚХА жанындағы Талдықорған қалалық Аналар кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы аясында, «Аналар күніне» орай «Ана – өмір шуағы» мерекелік шарасы өтті.
🔹Іс-шара барысында Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Андабеков Жеңіс Саятбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, аналардың қоғамдағы орны мен маңыздылығына тоқталды.
🔹Сонымен қатар, ақын, жазушы, журналист, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Алтын қалам» әдеби сыйлығының...
Тәрбие-тектілігі ұрпаққа үлгі
Талдықорған қаласында ардагерлер кеңесі құрылғалы бері дәстүріміз дәріптеліп, салтымыз жаңғырып, өшкеніміз қайта жанғандай. Жас буынның бойына адамгершілік қасиеттерді дарытуда абыз ақсақалдар мен ақ жаулықты аналарымыздың берері мол-ақ.
«Өлі разы болмай, тірі байымайды» дегендей, қалалық ардагерлер кеңесінің бастамасымен облысымызға еңбегі сіңген азаматтардың есімін мәңгілік есте қалдыру мақсатында естелік тақта қою рәсімі жыл сайын жалғасын тауып келеді. Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында...
Жетісуда үздік бастауыш сынып ұстазы кім?
Облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Үздік бастауыш сынып мұғалімі – 2025» байқауы өтті. Еңбек өтілі 5 жылдан кем емес он педагог өзара бақ сынады.
Өңірдегі ұстаздардың мәртебесін көтеру маңызды. Осы мақсат аясында педагогикалық мәдениеті жоғары һәм авторлық жаңашыл идеясымен көзге түскен мамандар өзара бақ сынап, тәжірибе алмасты.
«Мұнда біз педагогтердің кәсіби беделді тұлға қалыптастыруда атқаратын рөлін айшықтаймыз. Сонымен қатар бастауыш...
2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық даму мәселелері
Ұлттық статистика бюросының болжамды деректеріне сәйкес, еліміздің 2025 жылғы қаңтар-сәуірдегі әлеуметтік–экономикалық дамуының алдын ала қорытындылары.
Биылғы төрт айдың қорытындысы бойынша ЖІӨ өсімі 6%-ды құрады. Экономиканың негізгі салаларында: көлікте (22,4%), саудада (7%) даму қарқынының артқаны байқалады. Өсім ауыл шаруашылығы (3,9%) және байланыс (2,6%) салаларында да тіркелді.
Көлік саласындағы өсім саланың жалпы көлеміндегі үлестері тиісінше 20,5% және 19,6%-ды құрайтын темір жол және құбыр...
Павлодар облысының экожүйесін сақтауға Ертіс өзені арқылы 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді
Абай облысындағы Шүлбі су қоймасынан Павлодар облысы аумағындағы Ертіс өзенінің жайылымына 6,3 млрд текше метрден астам су жіберілді. Бұл жұмысты Су ресурстары және ирригация министрлігі табиғатты қорғау мақсатында жүргізіп жатыр.
Ертіс өзенінің жайылмалы аумағындағы флора мен фаунаның тіршілік ету ортасын және табиғи өнімділігін сақтау үшін жыл сайын су жіберіліп тұрады. Бүгінгі таңда өзеннің орта ағысындағы балықтардың уылдырық шашатын табиғи аймақтары...
МЕЙІРГЕРЛЕР КҮНІ: ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРТА БУЫН МАМАНДАРЫНЫҢ РӨЛІ МЕН МӘРТЕБЕСІН АРТТЫРУ ТУРАЛЫ
Бүгін, 12 мамыр, Қазақстанда және бүкіл әлемде Халықаралық мейіргер күні – 141 елдің мейіргерлер қауымдастығын біріктіретін кәсіби мереке атап өтілуде.
Бүгінде еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде 190 мыңнан астам орта буын медицина қызметкері, олардың 146 мыңнан астамы – мейіргер жұмыс істейді, ал ауылдық жерлерде шамамен 55 мың маман еңбек етуде.
Соңғы жылдары еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде мейіргерлердің рөлі едәуір артты. Қызмет аясын...





























