Жетісу облысында «GreenSteppe» экологиялық акциясы өтті

266

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында Текелі қаласында жастардың қатысуымен «GreenSteppe» атты экологиялық акциясы өтті.

Іс-шараның мақсаты — экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және жастарды экологиялық бастамаларға белсенді түрде тарту. Бағдарлама аясында қаланың туристер жиі баратын табиғи аумақтарында қоқыс уақыт-уақытымен жиналып, негізгі демалыс орындары мен маршруттар қамтылды. Акция барысында жоспарлы түрде бірнеше аумақты тазалауды көзделген.

— Бүгін біз маңызды әрі мағыналы шарада бас қосып отырмыз. «GreenSteppe» экологиялық акциясы – бұл тек табиғатты тазарту ғана емес, сонымен қатар жастардың экологиялық жауапкершілігін қалыптастыруға бағытталған бастама. Әрбір белсенділік – бұл Жетісудың экологиялық болашағына қосқан үлес, — Жетісу облысы Жастар ресурстық орталығы директорының орынбасары Арнай Рақымберліұлы.

Жыл басынан бері Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында жоспарланған барлық іс-шаралар белсенді түрде өткізілуде. Жалпы сенбіліктер мен экологиялық акцияларға 17 мыңнан астам адам қатысып, 295 техника жұмылдырылды, 1 209 тонна қоқыс шығарылды, 132 саябақ пен сквер тазартылып, 17 мыңнан астам қылқанжапырақты және жапырақты ағаш көшеттері отырғызылды.

«Jetisy jastary» КММ ұсынған мәліметтер бойынша дайындалды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз