Әнім сенсің, Талдықорған!
Тәуелсіздіктің жетісулықтарға тартқан сыйының бірі – «Талдықорған әуендері» халықтық фольклорлық-этнографиялық ән-би ансамблінің жарық көруі. Рухани байлығымыздың кеңінен қанатын жаюға сеп болып, жас ұрпақты ұлттық музыкаға баулитын ансамбльдің дүниеге келуі киелі өнер үшін зор мәртебе болды. Ел мәдениеті мен өнерін өркендетіп жүрген өнер шаңырағының «Әнім сенсің, Талдықорған» атты 13 жылдық есеп беру концерті өтті.
Салтанатты шараға қатысқан Талдықорған қаласының әкімі...
Мемлекет басшысы Қаратал ауданындағы әлеуметтік нысандармен танысты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына сапары Қаратал ауданында жалғасты. Мемлекет басшысы Ескелді би ауылында биыл пайдалануға берілген мәдениет үйі мен спорт кешенінің ғимараттарын аралап көрді.
Жергілікті бюджет есебінен бой көтерген 150 орындық мәдениет үйінде кітапхана, әжелер мен домбырашылар ансамбльдері, би үйірмесі секілді ұжымдар орналасқан.
Мемлекет басшысы ауыл кітапханасымен танысты. Сондай-ақ өнерпаз балалармен жүздесіп, еліміздің лайықты азаматы болып өсуіне тілектестік білдірді.
Президент мәдениет...
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Қаратал ауданы қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің ғимаратын аралап көрді. 1983 жылдан бері қолданыстағы нысан биыл күрделі жөндеуден өтіп, қазан айында аталған мекемеге берілген.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысына Smart-әскери комиссариат жобасы туралы баяндады. Жаңа бастамаға сәйкес азаматтар автоматты түрде әскери есепке алынады.
Министрдің айтуынша, жыл сайын 17 жастағы 160 мыңнан...
Мемлекет басшысы Талдықорғандағы Үстел теннисі орталығын аралап көрді
✔️ Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу-Қолдау» қоғамдық қорының демеушілігімен салынған Үстел теннисі орталығымен танысты.
✔️ Халықаралық стандарттарға сай, заманауи құралдармен жабдықталған ғимаратта Үстел теннисі ойындары және спорттық туризмге мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебі орналасқан.
✔️ Мектеп директоры Мерей Сүйіновтің айтуынша, қазір мұнда 600-ден астам оқушы теннистен бөлек, тоғызқұмалақ, дойбы, шахмат, қол күресі және спорттық туризм секцияларына қатысады. Олардың арасында 33 спорт шеберіне...
Қасым-Жомарт Тоқаев «Жетісу» волейбол клубының жай-күйімен танысты
✔️ Президент «Жетісу» волейбол клубының оқу-жаттығу кешенін аралап көрді.
✔️ Биыл пайдалануға берілген ғимараттың құрылысына 1,2 миллиард теңге жұмсалған. Ауданы 1 639,4 шаршы метр болатын нысан екі блоктан тұрады. Үш қабатты негізгі ғимарат волейболдан оқу-жаттығу сабақтарын, дене шынықтыру-сауықтыру процестерін өткізуге арналған.
✔️ Кешенде спорт және жаттығу залдары, медициналық, әкімшілік кабинеттері бар.
✔️ Мемлекет басшысы спортшыларға арналған тұрғынжаймен танысты. Онда пәтерлерден бөлек, асхана,...
Өңірлеріміз қуатты болуы керек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты халыққа Жолдауында өнеркәсіптік әлеуетті толық ашу шараларын күшейтуді тапсырғаны баршаға мәлім.
Президенттің бүгінгі Жетісу облысына жұмыс сапары «Талдықорған» индустриялық аймағында орналасқан өндірістік аккумулятор шығару зауытының жұмысымен танысудан басталды. Өз сөзінде ол «Мемлекет мықты болсын десек, ең алдымен, өңірлеріміз қуатты болуы керек. Өндірісі дамыған елге айналу үшін...
Президент Ынтымақ ауылындағы №30 орта мектепті аралап көрді
Қасым-Жомарт Тоқаев Талдықорған қаласының іргесіндегі Ынтымақ ауылында биыл пайдалануға берілген №30 мектепті аралап көрді.
▪️1200 оқушыға есептелген білім ошағының құрылысы жергілікті бюджеттің және Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының есебінен қаржыландырылған.
▪️Заманауи үлгіде жабдықталған мектепте 77 оқу кабинеті, мультимедиа сыныптары, спорт, гимнастика, мәжіліс пен кітапхана залдары, ағаш, металл және тігін шеберханалары бар.
▪️Президент жаңа оқу ордасын аралап көріп, оқушылармен әңгімелесті. Мемлекет басшысы мектепке...
Президент Жетісу облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайымен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.
Облыс әкімінің айтуынша, биылғы І жартыжылдықтағы жалпы өңірлік өнім 6,2 пайыз өсіммен 781 миллиард теңгені құраған. Ал жыл аяғында 7,1 пайыз өсімге қол жеткізілмек. Он айдың қорытындысы бойынша қысқа мерзімді экономикалық индикатор 112,8 пайызды көрсеткен.
Ауыл шаруашылығының дамуында оң динамика бар. Сондай-ақ өндіріс көлемі, өнеркәсіп, сауда және құрылыс салалары...
Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпорын жұмысшыларымен әңгімелесіп, еліміздегі өндірістің рөлі туралы айтты
-Мемлекет мықты болсын десек, ең алдымен, өңірлеріміз қуатты болуы керек. Өндірісі дамыған елге айналу үшін осы салаға көңіл бөліп отырмыз. Стратегиялық маңызы бар Жетісу облысына ерекше назар аударамыз, – деді Президент.
Бұдан кейін Мемлекет басшысы облыстағы кәсіпорындардың жетекшілерімен кездесіп, пікір алмасты. Сондай-ақ отандық бизнесті қолдау мемлекеттік саясаттың негізгі бағыты екенін жеткізді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына келді
Президент өңірдегі бірқатар өнеркәсіп және әлеуметтік нысанның жұмысымен танысады.



























