1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, қалалық орталық балалар кітапханасында №2 орта мектептің 3 «Г» сынып оқушыларымен «Мен тәуелсіз Қазақстанды суреттеймін» атты сурет байқауы өтті.
Шараның мақсаты — жас буынның шығармашылық қабілеттерін тереңдету, әдемілікке, әсемдікке тәрбиелеу. Кітапханашы балаларға мереке жайында шағын мағлұмат берді. Балалар дайындап келген тақпақтарын айтты. Балаларға викториналар, әртүрлі қызықты ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, балалар арасында қағаз беттеріне және асфальтке сурет салу сайысы өтті.
Кішкентай оқырмандар «Шалқан» ертегісі негізінде қойылым қойып, ән айтып, би биледі. Белсенді қатысушыларға сыйлықтар үлестірілді.
Қ. Баримбекова,
Талдықорған қалалық орталық балалар кітапханасының кітапханашысы





























