«Халық заңгері» — құқықтық сауаттылықты арттыру

172

«Атамекен» көрме кешенінде жалпыреспубликалық «Халық заңгері» акциясы өтті. Аталмыш шара азаматтарға тегін заң көмегін көрсетуге бағытталған. Сондай-ақ, халықтың барлық топтары үшін заң көмегінің қолжетімділігін қамтамасыз ету, құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықтық мәдениетті насихаттау және заң жүйесіне деген сенімді арттыру.

Биылғы жылы құқықтық мәдениетті, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыру және құқық бұзушылықтар мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру үшін қоғамдағы «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілетуге баса  назар аударылды. Акцияға орталық мемлекеттік органдар, аумақтық бөлімшелер, жергілікті мемлекеттік органдар мен облыстың құқықтық қоғамдастықтары, адвокаттар, нотариустар, сот орындаушылары мен заң консультанттары қатысты. Қызметкерлер заң, құқық төңірегінде туындаған сұрақтарға және шешілмеген даулар бойынша 100-ден аса тұрғынға  консультация беріп, көмек көрсетті.  Облыстық Әділет департаментінің басшысы Ержан Еркенов «Бұл шара облысымыздың барлық аудан-қаласында бір мезетте  ұйымдастырылуда. Акция нәтижесі өте жоғарғы деңгейді қамтып отыр. Сондықтан жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіледі»-деп атап өтті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз