Талдықорғанда «Дана ене, дара келін» сайысы ұйымдастырылды

278

Талдықорған қалалық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен халқымыздың салт-дәстүрін  дәріптеу мақсатында Өтенай ауылдық мәдениет үйінде  «Дана ене, дара келін» атты   көреген  ене мен  ибалы келіндер  сайысы өтті.

Сайыстың негізгі мақсаты — шаңырақтың шайқалмауын насихаттап, ене мен келін арасындағы  ауызбірлікті сақтауға үлес қосу.  Сайыс шарты бойынша, халқымыздың салт — дәстүрі, асыл тілімізді, әдеп-ғұрпын білу, ұлттық тағам түрлерін әзірлеу, ісмерлік пен қолөнер шеберліктерін қаншалықты меңгергенін көрсету болып табылады. Ең бастысы әр отбасындағы ене мен келін орнының маңызын, отбасының ұйытқысы екендігін ұғындыру болды.

«Тегін білген тектілік»,  «Өнерлі өрге жүзер», «Ана көрген тон пішер», «Ойлы болсаң, озып көр», «Аспаздық шеберлігі», «Қылығына сай екен киімдері» – деп аталатын алты кезеңнен тұратын   сынға енелер  мен келіндер үлкен ынтамен қатысты.

Ардагер ұстаздар мен мәдениет саласының ардагерлерінен құрылған әділқазылар алқасы әр кезеңде қатысушының еңбегін бағалап, әділ бағасын беріп отырды.

 Сонымен байқау қорытындысында, Өтенай ауылынан қатысушы  Қайныш Ержанова  –  Баян Аренжанова      І орын алды.   ІІ орынды  Еркін ауылы атынан қатысқан Кляуза  Саманова  – келіні Мырзабекова Самал иеленсе,  жүлделі   ІІІ орындарға Ынтымақ ауылы сайыскерлері  Балсұлу  Утеулинова  – келіні Елдана Байдалина, сондай-ақ,  Мойнақ ауылынан  қатысушылар  Камила Оралабай  мен келіні Шолпан Жапар  лайық деп табылды.

                                                                  Әзірлеген       Данагүл Мәкен

                                                                     

                                                                    

 

                                                                

 

 

 

 

 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз