14.7 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 8 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 26

Президент: ұлттық экономикамыз жалпы тұрақты түрде өсіп келеді

Мемлекет басшысы: «Қазір әлемдегі саяси-экономикалық ахуал аса күрделі болып кеткенін көріп отырсыздар. Әскери қақтығыстар, «сауда соғысы» жылдан жылға ушығып барады. Бұл әлемдегі ірі мемлекеттер арасындағы өзара сенім дағдарысының, олардың халықаралық қауымдастық алдындағы жауапкершілікті елеп-ескермеуінің нәтижесі деп айтуға негіз бар. Мұның бәрі еліміздің мүмкіндіктерін шектеп отыр. Бірақ соған қарамастан, біз ұлттық стратегиямызды табанды түрде әрі біртіндеп жүзеге асырып жатырмыз. Барлық сын-қатер мен қиындықты...

Тағы бір мәселе – толық цифрлық мемлекет құру

Мемлекет басшысы: «Тағы бір мәселе – толық цифрлық мемлекет құру. Бұл мақсаттың еліміз үшін маңыздылығын жақсы білесіздер. Мәслихаттар бұл үдерістен тыс қалмауға тиіс. Озық технологиялар мен жасанды интеллектіні мемлекеттік басқару жүйесінің барлық саласына енгізу стратегиялық маңызы бар мақсатқа айналды. Еліміздің жарқын болашағы осы мақсаттың табысты іске асуына тікелей байланысты. Бұл тұрғыдан алғанда, мәслихаттардың осы жұмысқа белсенді атсалысқаны абзал. Сондай-ақ депутаттардың кәсіби білігін...

Мәслихат депутаттары халық пен билік арасындағы көпір болуға тиіс

Президент: «Барлық деңгейдегі билік өкілдері халықпен ашық әрі түсінікті әңгіме, сұхбат орната білуі керек. Шағымданатын азаматтардың арасында түрлі адам болады, бұл – белгілі нәрсе. Десек те, шын мәнінде, мұқтаж адамдар аз емес, оларға қолғабыс етуіміз керек. Бүгінде орталыққа аймақтардан жолданатын арыз-шағымдар көбейіп кетті. Бұл мәселе туралы мен Жолдауымда айтып өттім. Былтыр Президент Әкімшілігіне шамамен 83 мың өтініш келіп түскен. Бұл – алдыңғы...

Айрықша маңызы бар міндет

️Қасым-Жомарт Тоқаев : «Мәслихаттардың өкілеттігін одан әрі кеңейтіп, нақтылай түсу қажет. Бұл – айрықша маңызы бар міндет. Олардың жергілікті билік жүйесіндегі рөлін күшейту қажет. Әкімдер халықпен кездескенде азаматтардың көбі нақты мәселелерді айтып, бірнеше сұрақ қояды. Сондай түйткілдер дұрыс шешімін табуы үшін депутаттық корпус белсенді түрде бақылау жасап, әкімдермен бірге жұмыс істеуі керек. Сондай-ақ мәслихаттардың ішкі жұмыс тәртібін ретке келтіріп, қайта қараған абзал....

Бюджеттің әр теңгесінің ел игілігіне жұмсалуын қамтамасыз етуге міндетті

️Мемлекет басшысы: «Әкімдіктегі бюджеттік комиссияның құрамына білімді, беделді мәслихат депутаттарын қосқан жөн. Осылайша, жұмыстың сапасын арттырып, қаражаттың тиімді жұмсалуын қадағалауға болады. Қыруар қаржыны оңды-солды шашып, пайдасы жоқ бастамаларға жұмсауды доғару қажет. Әкімдер республикалық бюджеттен берілетін түрлі дотацияға сеніп отыра бермеуі керек. Масылдық ұғымынан біржола арылу қажет. Жергілікті билік өкілдері табысты көбейту үшін белсене жұмыс істеуге тиіс. Бюджет қабылданатын кезде «Қанша жұмыс орны...

Негізгі қарызды өтеңіз — өсімпұл есептен шығарылады

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті микро және шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін өсімпұлдар мен айыппұлдарды есептен шығару жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Аталған жұмыс Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2026 жылғы 13 ақпандағы №13 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылуда. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша салық төлеушілердің жеке шоттарында есепте тұрған өсімпұлдар мен айыппұлдар есептен шығаруға жатады. Негізгі шарт — 2026 жылғы 1 қаңтар мен...

Саяси үдеріске үн қосады

«Әділетті және прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» облыстық коалиция мүшесі Асхат Досмұхамбетов, Нұрбек Құдайберген, Алсу Габдракиповалар «Айналайын» арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының еңбек ұжымымен кездесіп, Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасының мазмұны мен маңызын жан-жақты түсіндірді. Кездесу барысында спикер ұлттың болашағын қалыптастырып отырған ұстаздар қауымына Жаңа Конституция жобасы ең алдымен білім мен ғылымға арқа сүйейтінін сөз етті. – Біздің басты...

Дамуды айқындайтын стратегиялық құжат

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» өңірлік коалиция өкілдері Кардиологиялық орталықтың еңбек ұжымымен кездесіп, түсіндірме жұмысын жүргізді. Медициналық орталықтағы кездесуде коалиция мүшелері Асхат Досмұхамбетов, Мейірман Тлеуберлиновтер жаңа Ата Заңдағы тың үдерістерді ортаға салды. Алғысөз алған Асхат Досмұхамбетов референдум әр азаматтың ел болашағына тікелей ықпал ету мүмкіндігі екенін жеткізді. Оның айтуынша, Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып,...

ТӘУЕЛСІЗДІКТІ БАЯНДЫ ЕТЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТІРЕК

«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» облыстық коалиция мүшелері Асхат Базилов, Ләйлә Сембаева мен Қуаныш Сайлаубай Талдықорған қаласына қарасты Еркін ауылының №26 орта мектептің ұстаздары және оқушылардың ата-аналарымен кездесіп, елімізде жүзеге асқалы жатқан саяси үдеріс турасында диалог орнатты. Спикерлер Конституция – мемлекеттің негізгі тірегі екенін, ал енгізілген өзгерістер демократиялық үдерістерді жетілдіруге және қоғамдағы теңгерімді сақтауға бағытталғанын екшеп жеткізді. Мінберге...